1998 жылы 15 жолтақсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» Қоғамдық Қоры құрылды. Қордың қызметі инновацияны сатылап игеруге бағытталған, мақсат қою, іске асыру жолдары мен құралдарын нақты таңдауды көздейтін, жобалық ұстаным бойынша құрылған.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры - Қазақстан және ТМД білім беру кеңістігіндегі өз инновациялық мектептері мен университеттерін халықаралық қауымдастықта табысты кіріктіре білген тұңғыш қоғамдық ұйым, және бүгінгі таңда олар жинақталған тәжірибесін Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіне белсенді таратуда.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорының жетекшілігімен Астана, Алматы және Атырау қалаларында үш инновациялық балабақша, Астана және Алматы қалаларында екі «Мирас» халықаралық мектебі, Алматы Халықаралық Мектебі, «Арыстан» мамандандырылған лицейі құрылды. Білім қоры екі жоғары оқу орнының тең құрылтайшысы болып табылады: Халықаралық Бизнес Университеті (UIB) және Халықаралық Ақпараттық технологиялар Университеті (IITU).