«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ»
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті

logoiitu.png

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті 2009 жылы сәуір айында  Қазақстан Республикасы  Президентінің  тапсырмасымен құрылған.

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті – Орта Азия өңіріндегі   IT мамандарын  дайындау саласындағы  білікті,  халықаралық  танылған жетекші оқу орны.

ХАТУ  СarnegieMellon (АҚШ) университетінің құрылымдық бөлімшесі –  iCarnegie -мен  тығыз ынтымақтастыққа құрылған.

ХАТУ-дың серіктестері  Малайзияның  – University Kuala Lumpur, Limkokwing University, UniversityTenagaNasionalКореяның - KAIST, INHA, SUWON, HANBAT, Solbridge жетекші  IT университеттері және әлемнің өзге де университеттері  болып табылады.

Халықаралық  IT Университеті ҚР Үкіметінен және  ұлттық инфокоммуникациялық компанияларынан  бакалавриатқа 500 грантпен қамтамасыз етілген, олар  қазақстандық және америкалық білім беру бағдарламалары бойынша оқу ақысын жабады.

Халықаралық  IT Университеті  тек  салалық технологиялар ғана емес, сонымен бірге   ағылшын тілінен терең білімге  және коммуникативтік дағдыларға ие,  алдыңғы қатарлы   менеджмент, экономикадан білімі бар  мамандардың жаңа буынын  дайындайды. IT Университеті  студенттердің  тұлғалық қасиеттерін, көшбасшылық дағдыларын және  шығармашылық қабілеттін дамытуға ерекше назар аударады.

Университет  сайты: www.iitu.kz

 

 

Top