Құрылтайшы лебізі
Қымбатты достар ! Құрметті әріптестер!
2018 жылы – «NNEF» Қоғамдық Қорына 20 жыл толды. Бүгін біз дәл осы біздің Қор халықаралық білім беруді дамытудағы алғашқы пионер болды, оның инновациялық жобалары еліміздің білім беру жүйесін дамытуға елеулі ықпал етті деп мақтанышпен атап айта аламын. Біздің іске асырған жобаларымыздың бірегейлігі бай ұлттық мәдениет пен білім беру дәстүрлерін сақтау арқылы оған халықаралық тәжірибенің үздік жетістіктерін үйлесімді кіріктіргенімізден тұрады.
20 жыл ішінде біз мектептеріміз бен жоғары оқу орындарымызда білім ала отырып, Тұлға ретінде қалыптасқан жігерлі де жинақы, өр, креативті жастардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығардық. Олар табысты кәсіби мансап құрып, алуан түрлі қызмет салаларында әлемге танымал компанияларда жұмыс істеуде. Мен осыны мақтан тұтамын! Біздің балабақшаларымыз 1000-нан астам бүлдіршіндерді тәрбиелеп, мектептеріміз 1600-ге жуық түлектер ұшырды, жоғары оқу орындарымыз 16000-нан астам студенттерге жоғары білім берді. Бүкіл әлем картасы біздің түлектеріміз арқылы Қазақстанмен байланыста.
Қордың білім беру мекемелері нағыз кадрлар ұстаханасына айналды. Отандық және шетелдік мамандардың командалық жұмысы мүлдем жаңа және баға жетпес тәжірибенің үйлесімді синтезіне алып келді. Біздің педагогтарымыз халықаралық білім беру қауымдастығында танылған, мойындалған сарапшылар болып табылады: аккредитациялық және авторизациялық комиссиялар мүшелері, халықаралық емтихан қабылдаушылар, жаттықтырушылар және кеңесшілер. Қор филиалдарындағы жұмыс барысында жинақталған инновациялық тәжірибе оларға республика және оның шегінен тыс білім беру кеңістігінде көшбасшылық орынды иеленуге мүмкіндік береді.
Соңығы 5 жыл ішінде біз мектепке дейінгі және жоғары білім беру саласында жаңа жобаларды іске асырып, өз қызметімізді ұлғайттық. Мұнымен қоса, қайырымдылық қызметпен және әлеуеметтік бағдарламалармен жүйелі айналысамыз, еліміздің жастар саясатын дамытуға белсенді атсалысудамыз.
Мен біздің ауқымды жобаларымызды жүзеге асыруға қатысқан, Қордың екпінді және тұрақты дамуына ықпал еткен жандарға алғыс білдіргім келеді, сондай-ақ педагогтарымызға, студенттерімізге, ата-аналарға, серіктестерге, пікірлестерге және достарға да алғысым шексіз. Оларға Қазақстан білім беру жүйесі алдындағы жаңа міндеттерді іске асыруда әрі қарай да зор табыстар тілеймін!
Динара Кулибаева,
«NNEF» Қоғамдық Қорының құрылтайшысы,
педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі