Halyk Cyber Games Media & Cup 2026 турниріне тіркелу ашық
Биылғы Counter-Strike 2 турнирі бұрынғыдан да ауқымдырақ болмақ: дәстүрлі 5×5 форматы мен медиа командалар арасындағы Media 5×5 сайысына қоса, жаңа 2×2 форматы енгізіледі.
Қатысушыларды жалпы жүлде қоры 10 000 000 теңге болатын тартысты жарыс күтеді. Ал финал көрермендерін қызықты матчтар, шағын турнирлер, ұтыс ойындары және серіктестер ұсынған арнайы сыйлықтар күтеді.
Турнирге кез келген адам қатыса алады: тіркелу 4-19 тамыз аралығында өтеді, қатысу – тегін. LAN-финалы 12 қыркүйекте Алматы қаласындағы Forum сауда-ойын-сауық орталығының Event Space алаңында өтеді.
Турнир Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының 10 жылдығына орай ұйымдастырылып, National Digital Syndicate, Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы, NNEF қоғамдық қоры, NESA және Logitech G қолдауымен өткізіледі.
Командаңды жина да, тіркел, ойынға қосыл.
Halyk Cyber Games – киберспорт осы жерден басталады.