Астана қ. «Мирас» балабақшасы
Астана қ. «Мирас» сәбилер балабақшасы 2004 жылы 1 желтоқсанда ашылды.
Балабақша Мектеп жасына дейінгі балаларды (2-ден 6 жасқа дейінгі) тәрбиелеу мен оқытудың кіріктірілген бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, ол ҚР МЖМБС- 1.001-2009 Мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» стандартына, IB PYP бағдарламасы (Халықаралық Бакалавриат Бастауыш мектеп бағдарламасы) және Монтессори – педагогикасы тәсілдеріне негізделеді.
Бағдарламаның ерекшелігі пәнаралық кірігу болып табылады.
Бағдарлама мақсаты: баланың дене бітімін дамыту, коммуникативтік-тілдік және шығармашылық құзыреттілігін, бастапқы зерттеу дағдыларын дамыту, сенсорлық-танымдық, бастапқы математикалық білімдерін қалыптастыру, әлеуметтік әдеттерін, практикалық өмір дағдыларын (Practical Life Skills) қалыптастыру және дамыту. Білім беру және тәрбиелеу үдерісі қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Жобалық қуаттылығы – 8 топ, 170 бала. Балабақша жалпы ауданы 2 700кв.м. 2 қабатты ғимаратта орналасқан, ол 132 -ден 150кв.м. дейін 8 топтық ауданға ие, музыка және дене шынықтыру залдары, бейнелеу өнері студиясы, қазақ және ағылшын тілдері, психолог, логопед кабинеттері, бассейн, медициналық блок бар. Ағымдағы оқу жылында 183 тәрбиеленуші білім алуда. Жыл сайын орта есеппен 45 бала аяқтайды.
Участок ауданы – 1,15 га.
Жалпы штат саны 65 қызметкерді құрайды, олардың 31-і педагог.
Балабақшаның жұмыс кестесі: Дүйс. – Жұма. сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін.
Балабақша сайты: astana.miras-kids.kz