Балаларды қорғау ісіндегі маңызды жетістік
SOS Қазақстан Балалар ауылдары «Zero Tolerance in Action: Closing the Gap» атты 90 күндік халықаралық науқанды сәтті аяқтап, бағдарламаның барлық талаптарын орындаған SOS Children’s Villages федерациясының 85 ұлттық қауымдастығының қатарына енді.
Алынған сертификат ұйымда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің бес негізгі элементі енгізілгенін растайды:
- мінез-құлық кодексі және балалар мен жастарды қорғау ісіне шынайы берілгендік;
Ұлттық оқыс оқиғалар мен дағдарыстық жағдайларды басқару тобының жұмысы;
- қызметкерлерді міндетті оқытылуы;
- балалар құқықтарының бұзылуы туралы хабарламаның қолжетімді тетіктерінің болуы;
- тәуекелдерді тұрақты бағалау және оларды төмендету жоспарлары.
Бұл нәтиже SOS Қазақстан Балалар ауылдарындағы балаларды қорғау жүйесінің халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін дәлелдейді.
Команданы осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз және әрбір қызметкерге жауапкершілігі, кәсіби шебердлігі, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету жолындағы күнделікті ерен еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!