«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Рүстем Биғари Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін басқаруға тағайындалды

Биғари Рүстем Айдарбекұлын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Ректоры – Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз.

Рүстем Айдарбекұлы – PhD докторы, цифрландыру, ақпараттық жүйелер, киберқауіпсіздік және электрондық үкіметті дамыту саласының сарапшысы. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Бостон университетін бітірген. Сондай-ақ, Massachusetts Institute of Technology (MIT) жоғары оқу орнында тағылымдамадан өтіп, цифрлық экономика саласына маманданған.

Әр жылдары Рүстем Айдарбекұлы БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасында, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-та жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басшылық лауазымдарын, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарды. Соңғы жылдары Цифрлық үкіметті қолдау орталығын басқарды.

Оның кәсіби тәжірибесі, стратегиялық көзқарасы және цифрлық трансформация саласындағы терең сараптамасы ХАТУ-дың елдің жетекші IT-университеттерінің бірі ретінде одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімдіміз.

Рүстем Айдарбекұлына осы жауапты қызметте табыс, жемісті жұмыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Top