«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ»
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Халықаралық Бизнес Университетінің

logouib.png

Халықаралық Бизнес Университетінің (UIB) негізі 1992 жылы  қаланған.  UIB Университеті – Қазақстан Республикасы бас рейтингінде  жетекші жоғары оқу орындары арасында  құрметті орынға ие,  өз сегментінде шүбәсіз көшбасшы.   

Бүгінгі таңда   UIB Университеті – жоғары білімді бизнес жүргізуге және  экономиканың  сан-алуан салаларында көшбасшы болуға қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлауда  орасан мол тәжірибеге ие жоғары оқу орны.  UIB  үздіксіз білім беру циклына ие танымал университет болып табылады және келесі бағдарламаларды қамтиды: Foundation, Бакалавриат, Магистратура, Докторантура, Программа МВА және DBA.

Халықаралық Бизнес университеті ҚР Білім және ғылыми министрлігінің аттестациясынан өткен,  ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке  қатысушы  ғылыми ұйым ретінде аккредиттелген. UIB Білім беруде сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттіктен (НКАОКО),  "Қаржы және экономика"  білім беру бағдарламалары бойынша  Австрия сапа бойынша агенттіктен (AustrianQualityAgency-AQA)  аккредиттелген.

UIB студенттер мен оқытушылардың  академиялық ұтқырлығы бойынша  халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ   қос дипломды білім беру бойынша  серіктес жоғары оқу орындарымен, меморандумдар жасасқан.Университет серіктестері арасында: Ақпараттық жүйелер мен  менеджмент институты (ISMA) (Латвия, Рига), Ян Амос Коменский Университеті (UJAK) (Чех Республикасы, Прага), Шығыс Қытай Саясаттану және Құқық  университеті (ECUPL) (ҚХР, Шанхай), Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебі (МХЖБМ) (РФ, Мәскеу).

UIB түлектері – берік іргелі білімге, инновациялық тәсілдерге, зерттеу дағдыларына ие,  бизнес жүргізуге қабілетті және экономиканың алуан түрлі салаларында көшбасшы бола алатын   кәсіби деңгейі жоғары мамандар. Жыл сайын    UIB түлектері   95-98%  табысты еңбекке орналасады.

Университет сайты: www.uib.kz

 

Top