«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ»
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Алматы Халықаралық мектебі

Logo_ISA (1).jpg

Алматы Халықаралық мектебі  Қазақстанда   алғашқы болып  2000 жылы  Халықаралық Бакалавриат ұйымынан  негізгі мектеп (IB MYP)  бағдарламасы бойынша  авторизацияланған. 2012 жылы мектеп  бастауыш мектеп  (IB PYP) бағдарламасы бойынша  авториязациядан табысты өтті.  

Мектеп  тұлғаның  өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі іске асыруы  үшін жағдай туғызады.  АХМ-ның  білім беру бағдарламаларының ерекшелігі  халықаралық деңгейдегі сапалы білім беруді іске асыруға мүмкіндік беретін  оқытуға холистикалық қатынасқа, пәнаралық кіріктіруге,  оқытуға  жаңа қатынастар жасауға  негізделген  халықаралық бағдарламалар мен  ҚР мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын  үйлестіру болып табылады.

АХМ-ді оқи отырып, студенттер  қарым-қатынас өзара құрметке,  алуан түрлі мәдениетке  толеранттыққа және  қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға құрылатын  халықаралық қауымдастықтың бөлігіне айналады.  АХМ-нің негізгі сатысының түлектері  халықаралық модерациялар қорытындылары бойынша  МУР сертификатына  дәстүрлі жоғары бағаға ие болады.

АХМ-ді сапалы білім беру, жоғары кәсіби білікті педагогикалық  ұжым, ата-аналармен, студенттер және мұғалімдермен  конструктивтік ынтымақтастық, сондай-ақ  әлемнің өзге де мектептерімен  ынтымақтастық айрықша етеді.  Мектеп түлектері  ҚР  мәртебелі жоғары оқу орындары мен  және  шетелдік  университетте өз білімдерін жалғастырады.

Мектеп сайты: www.isoa.kz

Top