«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

«SOS Қазақстан Балалар ауылдары» корпоративтік қоры

SOS6kaz

«SOS Қазақстан Балалар ауылдары» - елімізде 30 жылдан аса уақыт жұмыс істейтін қайырымдылық қоры, SOS Children's Villages International халықаралық федерациясының мүшесі. Бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық қорғау бойынша өзіндік ерекше бағдарламалар, әлеуметтік жетімдікті сауықтыру (отбасыларды нығайту) бойынша жобалар жүйесі.

Жұмыс істеген жылдар ішінде ұйымның 600-ден аса түлектері өзіндік дербес өмірге табысты қадам басты, ал отбасыларды нығайту жобаларының арқасында 2500-ден аса бала отбасында қалуға мүмкіндік алды. Бүгінде біздің қамқорлығымыздың аясында Алматы, Астана және Теміртау қаласындағы - үш SOS Балалар ауылдарында 216 бала мен жасөспірім өмір сүруде. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жобалары бүкіл еліміз бойынша 250 отбасын сүйемелдейді - бұл 740 бала және 350 ересек адам.

SOS Қазақстан Балалар ауылдары мемлекетпен стратегиялық серіктестікті дамытуда: 2020 жылдан бастап отбасылық типтегі балалар ауылдарының Үйлестіру кеңесінің шеңберінде 20-дан аса интернаттық мекемелердің 700-ден аса мамандары әдістемелік және практикалық қолдауға ие болды. 2025 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау бойынша комитетімен - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар үшін білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру туралы меморандумға қол қойылды.

Top