«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Алматы қ. «Мирас» балабақшасы

Логотип Алматы 06

 

Алматы қ. «Мирас» балабақшасы  2014  жылы 1 қыркүйекте ашылды.

«Мирас» балабақшасының   Мектеп жасына дейінгі балаларды (2-ден 6 жасқа дейінгі)  тәрбиелеу мен оқытудың кіріктірілген бағдарламасы  ҚР МЖМБС- 1.001-2009  Мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту»  стандартына,  IB PYP бағдарламасы  (Халықаралық Бакалавриат Бастауыш мектеп бағдарламасы) және  Монтессори – педагогикасы тәсілдеріне негізделеді.    

Бағдарламада  балаларды тәрбиелеу және дамыту  қызметтің үш бағытын  кіріктіру арқылы іске асырылады: «Тілдер», «Дүниетану» (гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын біріктіретін кіріктірілген курс), «Сенсорика және Математика», «Дене және әлеуметтік даму», «Өнер және Технологиялар» сияқты бес білім беру саласы шеңберінде дене және әлеуметтік,  интеллектуалдық дамыту.

Жобалық қуаттылығы - 8 топ, 160 бала. Жыл сайын 40-қа жуық бала мектепке  жіберіледі.

Балабақша   ауданы 4000 кв. м. 3 қабатты ғимаратта орналасқан,  онда  8 топтық бөлме,  музыка және гимнастика залы, хореографии залы, кітапхана, бассейн, ағылшын тілі,  бейнелеу өнері,  психолог, логопед кабинеттері, медициналық  блок бар. Участок ауданы – 0,46 га.

Тәрбиелеу және оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Қосымша ағылшын тілі оқытылады.

Балабақшаның жұмыс кестесі: Дүйс.– Жұма сағат 08:00-дан 18:00-ға дейін.

Балабақша сайты: www.miras-kids.kz

Top