«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Атырау қ. «Мирас» балабақшасы

Логотип Атырау 06

 

Атырау қ.   «Мирас» балабақшасы  2014 жылғы 2 маусымда ашылды.  Балабақша  Мектеп жасына дейінгі балаларды (2-ден 6 жасқа дейінгі)  тәрбиелеу мен оқытудың кіріктірілген бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, ол   ҚР МЖМБС- 1.001-2009  Мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту»  стандартына,  IB PYP бағдарламасы  (Халықаралық Бакалавриат Бастауыш мектеп бағдарламасы) және  Монтессори – педагогикасы тәсілдеріне негізделеді.    

Бағдарламада  балаларды тәрбиелеу және дамыту  қызметтің үш бағытын  кіріктіру арқылы іске асырылады: «Тілдер», «Дүниетану» (гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын біріктіретін кіріктірілген курс), «Сенсорика және Математика», «Дене және әлеуметтік даму», «Өнер және Технологиялар» сияқты бес білім беру саласы шеңберінде дене және әлеуметтік,  интеллектуалдық дамыту.

Тәрбиелеу және оқыту қазақ тілінде жүргізіледі (ана тілі). Екінші тілдер орыс және ағылшын тілдері болып табылады.

Жобалық қуаттылығы  - 16 топ, 350 бала. Жыл сайын мектепке 90-нан аса бала жіберіледі.

Балабақша  ауданы 6004,2 кв. м. 3 қабатты ғимаратта орналасқан,  онда аудандары 57-ден 82 кв.м. дейін 16 топтық  бөлме,   музыка және  гимнастика залы, хореография залы,  кітапхана, қазақ мәдениеті орталығы, ағылшын және орыс тілдері, бейнелеу өнері,  психолог, логопед кабинеттері,  медициналық блок бар.

Участок ауданы - 1,12 га.

Жалпы штат саны 136 қызметкерді құрайды, олардың 78-і педагогтар.

Балабақшаның жұмыс кестесі: Дүйс.- Жұма сағат  08:30-дан 18:30-ға дейін.

Балабақша сайты : www.atyrau.miras-kids.kz

Top