Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебі
Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебі 1999 жылы 6 қыркүйекте ашылған. Мектеп Халықаралық Бакалавриаттың (IB) барлық үш бастауыш (РYР), негізгі (МYР) және жоғарғы (DP) мектеп сатыларының бағдарламалары бойынша авторизацияланған. 2002 ж. Алматы қ. «Мирас» мектебі Негізгі мектепті аяқтау жөніндегі халықаралық сертификатқа IGCSE (Британ стандарты) емтихандарын қабылдау бойынша халықаралық емтихан орталығы ретінде Кембридж университетінің аккредитациясын алды. Мектеп 2005 жылдан бастап Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) және Жаңа Англия мектептері мен колледждері ассоциациясынан (NEASC) аккредиттелген.
Алматы қ. «Мирас» мектебінде ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының талаптарын ескеретін, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің өзіндік әзірленген оқу бағдарламалары іске асырылады. Кіріктірілген оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқығы бойынша комитетте тіркеуге алынаған.
Мектептік педагогикалық ұжымы шетелдік оқытушылардан, сондай-ақ жоғары білікті қазақстандық педагогтардан тұрады, олардың көпшілігі халықаралық емтихан қабылдаушылар, IB модераторлары, тренелерлері және халықаралық аккредитация және авторизация комитеттерінің мүшелері болып табылады.
Мектеп түлектері Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, БАӘ, КХР, АҚШ, Канада, Сингапур, Жапония, Қытай, Испания, Италия және т.б. жоғары оқу орындарында табысты білім алуда.
Мектеп сайты: www.miras.kz