«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Қазақстан-Британ техникалық университеті

KBTU LOGO 05

 

Қазақстан-Британ техникалық университетін құру идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылғы қарашада Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапары барысында қол жеткізілген Білім және ғылым саласындағы келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ты құрды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Британ Кеңесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес 03.08.2001ж. № 1027 қаулы). Қазақстан тарапынан Білім және ғылым министрлігі тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшы болды, Британ тарапынан ҚБТУ серіктестері Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі мен Британ Кеңесі болды.

2003 жылдан бастап ҚБТУ АҚ-тың Жалғыз акционері ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ болып табылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.09.2003 ж. № 987 Қаулысы).

2003 жылы кадрларды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында «ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС білім беру орталығы құрылды.

2005 жылдан бастап ҚБТУ бакалавриаты мен Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің қос дипломы бойынша білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.

2010-2011 жж. университетке 1969 жылы құрылған «Д.В. Сокольский  ат. отын, катализ және электрохимия институты» АҚ  және 1945 жылы құрылған «А.Б.Бектұров ат.химия ғылымдары институты» АҚ акцияларының 100% пакеті берілді. 

2018 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2015 ж. №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру бағдарламасын орындау шеңберінде «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ акциялары пакетін «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» Қоғамдық қоры сатып алды.

Мақсаты

Орталық Азияның  топ-университеттері ондығына кіру

Миссиясы

Ұлттық ғылыми-техникалық, бизнес-экономикалық элитаны қалыптастыру жолымен білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету

Құндылықтары

Ашық, адал, клиентке бағдарланған және кәсіби  құзыретті команданың қолдауымен академиялық және ғылыми-инновациялық қызмет саласында жоғары сапалы деңгейде жұмыс істеу

Стратегиялық міндеттер

* Білім алушылар санын арттыру және академиялық бағдарламаларды күшейту

* Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейту

* Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту

* «Цифрлық» университет ретінде  даму

* Кәсіпкерлік университет қалыптастыру

* Әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілікті қолдау

 

Сайт КБТУ: https://www.kbtu.kz/ru/

Top