«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ»
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Educational Foundation - Bridge to the Future!

«Арыстан» мамандандырылған лицейі

emblemarys.jpg

«Арыстан» мамандандырылған лицейі — 2011 жылғы қаңтардан  бастап өз жұмысын бастады.  Әскери өмір салтын ұстанатын,  физика, математика, информатика, ағылшын және қазақ тілдерін  тереңдетіп үйрететін мемлекеттік емес орта білім беретін оқу орны.

Жоба әлеуметтік бағыттылыққа ие: лицейліктердің  оқуы мен өмір сүруі  тегін (қайырымдылық) негізде  жүзеге асырылады,  оқуға қабылдау барысында  артықшылық құқық  көп балалы және  жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға беріледі.  Лицейде  Қазақстанның барлық өңірінен тоғызыншы сыныптан  он бірінші сыныпқа дейінгі   жасөспірімдер  оқиды,  оларды қабылдау конкурстық негізде  жүзеге асырылады.

Лицейліктердің оқуы мен тұруы үшін  Алматы қаласының  шетіндегі,  Іле Алатауы етегінде заманауи  білім беру кешені тұрғызылған. Лицей заманауи оқу кабинеттерімен, зертханалармен,  дәрісханалармен, ақпараттық-кітапханалық және  мәдени-демалыс орталықтарымен жабдықталған. Лицей білім алушыларының  толыққанды дене тәрбиесі үшін коп қызмет атқаратын спорт залы, бассейн, бокспен, күреспен, зілтемір көтерумен және т.б. айналысуға арналған  залдар бар. Жазғы спорт базасы  жасанды жабындылы  футбол алаңын,  теннис кортын, волейбол және баскетбол алаңдарын,  гимнастика қалашығын, кедергілі әскери  жолақтарды қамтиды.

Бастапқы әскер дайындық бағдарламасының маңызды ерекшелігі оның практикалық бағттылығында болып табылады: лицейліктер  ҚР ӘК Құрлықтағы әскер Әскери  институтының оқу орталығында  оқуға,   дала жағдайында  әскери шеберліктің іс-тәжірибелік дағдыларын игеру мүмкіндігіне ие.  

Лицей сайт: www.lyceum-arystan.kz

Top