Астана қ. «Мирас» халықаралық мектебі
Астана қ. «Мирас» халықаралық мектебі 1999 жылы 2 қыркүйекте ашылған. Мектеп Халықаралық Бакалавриат Ұйымынан IBO-InternationalBaccalaureateOrganization) оқытудың бастауыш (РYР), негізгі (МYР) және жоғарғы (DP) сатыларының бағдарламалары бойынша авторизацияланған, Жаңа Англия мектептері мен колледждері ассоциациясы (NEASC — New England Association of Schools and Colleges), Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS — Council of International Schools) халықаралық білім беру ұйымдарынан аккредиттелген. Мектеп Кембридж Университеті тарапынан IGCSE оқыту және емтихандарға дайындау құқығына (International General Certificate of Secondary Education — орта білім туралы халықаралық сертификат) аккредиттелген және ЮНЕСКО-ның Ассоциаланған мектебі болып табылады.
Мектептің білім беру моделі ҚР ұлттық білім беру стандарттары мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын кіріктіру негізінде түзілген, бұл оқу үдерісін тек жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын ғана емес, сонымен қатар оқушының құнды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға, баланы дамытуға екпін қоя отырып ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту мен тәрбиелеудің алуан түрлі құралдары мен тәсілдерін таңдауға ықпал етеді. Мектеп бағдарламасы заманауи білім берудің үші басым бағытты тұжырымдамасына негізделеді: оқыту тұтастығы, коммуникативтік құзыреттілік пен мәдениаралық хабардарлықты қалыптастыру. Бағадрламаның айрықша ерекшелігі студенттердің зерттеу және пәнаралық жобалау қызметін ұйымдастыру болып табылады.
Мектеп түлектері Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, БАӘ, КХР, АҚШ, Канада, Сингапур, Жапония, Қытай, Испания, Италия және т.б. жоғары оқу орындарында табысты білім алуда.
Мектеп сайты: www.miras-astana.kz