«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

«Teacher of the year» конкурсының жеңімпазы Эльмира Шалтакова

Балалардың қуанышты жүзінен қуат аламын

Эльмира Шалтакова 2015 жылдан беріп Атырау қаласындағы «Мирас» балабақшасының тәрбиешісі. Оның 20 жылдан астам оқытушылық тәжірибесі бар. Ол 2021 жылы "NNEF" қоғамдық қорының мектептерінде басталған «Жыл мұғалімі» конкурсы жеңімпазының бірі. 10 қарашада жарыстың екінші жылы басталды, ұйымдастырушылар қатысушылардың портфолиосын қабылдауды бастап та кетті.

Эльмира Шалтакова мұғалімдерге арналған кеңестерімен бөлісті.

 «Teacher of the year» конкурсында қалай жеңіске жетті

Мен конкурсқа  жеңіске жету үшін емес, өзге қатысушылармен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін қатысқым келді. Жеңімпаз боламын деп күткен жоқпын. Менің ойымша, біздің барлық мұғалімдер жеңіске лайық – себебі олардың бәрі де үздік педагогтар.  Жалпы «NNEF» қоғамдық қорының бізді қалай бағалайтынын сезіндім. Бұл шығармашылық, әрі кәсіби тұрғыдан дами түсуге ұмтылдырады.  Осындай мүмкіндік берілгені үшін рахмет!

Мен өзімнің 500 мың теңге ұтысымды кейінге сақтап қойдым, келесі жылы Италия мен Францияға баруды жоспарлап отырмын.

Кәсіби даму жолында не істеу қажет

Мен біліктілікті арттыру курстарынан өтемін, семинарлар мен конференцияларға қатысамын, әдістемелік құралдар оқимын. Қызықты дамытушы ойындарды,  балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін іздеу үшін интернетті белсенді қолданамын.

Маған балалардың ортасында болған ұнайды. Олармен әңгімелесу, бірлесе бір нәрсені зерттеу мен қызықты сұрақтарға жауап іздеу. Балалардың риясыз бақытты көңіл-күйлері маған қуат береді. Өз түлектерімнің үлгерімін мүмкіндігінше қадағалап отырамын, мектептегі үлгерімі туралы хабардар боп жүремін. Кейбір балалармен WhatsApp арқылы хат жазысамын, олар өздерінің жетістіктері  туралы  бөліседі.

Жас мұғалімдерге қандай кеңестер берер едіңіз

Әріптестеріме тоқтаусыз алға ұмтылуға кеңес беремін. Ізденуден жалықпай, мүмкіндіктерімізді толық іске асыруымыз керек. Тәрбиелеу мен оқытудың түрлі тәсілдерін тынбай іздеп, шығармашыл болуға, уақыттан қалмауға тырысқанымыз жөн.

Top