«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Кішкентай Мирон үшін АХМ студенттері 423 мың теңге жинады

mshafoto1   mshafoto2   mshafoto3

Алматы халықаралық мектебі церебральды сал ауруы диагнозы қойылған алты жасар Мирон Спириковты емдеуге қаражат жинау үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

13-23 желтоқсан аралығында студенттер мен педагогтардың суреттерін сату көрмесі өтті. 19 желтоқсанда «Тәтті базар» ұйымдастырылды, онда 5-11 сынып оқушылары қолдан жасалған өнімдерін сатты. 20 желтоқсанда Рождестволық жәрмеңке өтікізіліп, онда ойыншықтар, кітаптар, қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар сатылды.

23 желтоқсанда аспаптық және рождестволық концерттер өтті. Студенттер музыкалық аспаптарда ойнады, хор, эстрада және би нөмірлерін көрсетті. Концертке билеттер 200 теңгеге сатылды. Іс-шараға ХАТУ студенттері қонақ ретінде қатысты. Концертті Мирон Спириков та тамашалап, студенттер өнеріне риза болды. Жиналған 423 240 теңге балаға табысталды.

Миронға анасы Ольга Спириковаға ақшаны КASPI Gold 4400 4301 5683 7723 есепшотына аудару арқылы көмектесуге болады. АХМ сәбидің тағдырын 2017 жылдан бері бақылап келеді. Емделуге қажетті қаражаттың жалпы сомасы - 2 550 000 теңге. 763 мың теңге жиналды, енді 1 786 999 теңге жинау қалды.

24 және 25 желтоқсанда АХМ-ның 6-шы, 7-ші және 9-шы сынып студенттері «Форум» СОО-да өтетін «Крафт-маркет» жаңа жылдық бұйымдарын дайындау бойынша қайырымдылық іс-шара – шеберлік сыныбы мен жәрмеңкеге қатысады. Түскен қаражат Тимурды онкологиялық аурудан емдеуге жұмсалады.

Top