«Teacher of the year» конкурсының жеңімпазы Надежда Рогальникова
Мұғалім үшін «үйренуден жалықпау» мен қателесуден қорықпау маңызды
Надежда Рогальникова «Мирас» мектебінде 21 жыл сабақ берді. Оның жалпы педагогикалық өтілі 40 жылдан жоғары. Ол 2021 жылы «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» мектептерінде басталған «Teacher of the year» конкурсы жеңімпаздарының бірі.
10 қарашада жарыстың екінші жылы басталды, ұйымдастырушылар қатысушылардың портфолиосын қабылдауды бастап кетті.
Надежда Рогальникова мұғалімдерге арналған өз кеңестерімен бөлісті.
«Teacher of the year» конкурсында жеңіске қалай жетті
«Teacher of the year» конкурсына оқытушылық тәжірибеммен бөліскім келгендіктен қатысуға шешім қабылдадым. Көптеген жылдар бойы мұғалім – тәлімгер ретінде әріптестеріммен өз біліміммен бөлісіп келемін, олардың бұл білім мен стратегияларды іс жүзінде сәтті қолданып жүргеніне қуаныштымын. Мен жай жұмысымды атқардым, жеңемін деп ойламадым. Әлі де болса, тәжірибемді оқушылар мен мұғалімдерге үйрете отырып, жұмысымды жалғастырудамын.
Жұмыста маған өз алдындағы мәселені зерттеуге ұмтылатын балалардың қызығуға толы көздері дем береді. Мен оларды қателік жіберуден қорықпауға, оларды өз бетімен тауып, жөндеуге үйретемін. Егер бала түрлі стратегиялар мен құндылықтарды тану арқылы білім алуға үйретілсе, мұның бәрі оның болашағына оң әсер етеді және ол қабілетті, талантты адам болып өседі.
Менің түлектерім елеулі жетістіктерге қол жеткізді, бірақ мұнымен тоқтап қалмайды. Ол жаныма қуаныш сыйлап, күш береді, педагогикалық қызметте жаңа биіктерге жетелейді.
Кәсіби шеберлікті қалай шыңдай түсуге болады
Мен балаларды өте жақсы көремін, олармен пікірлескенді ұнатамын, мұның барысында жаңа тәжірибе, білім, дағдылар иеленемін. Мен өзім жалпы үйренуден жалықпаймын, оқу семинарлары мен конференцияларға үзбей қатысамын.
Мектепте және оның сыртында балалар мен мұғалімдерді үйрете отырып, педагогикалық қызметімді мүмкіндігінше ұзақ жалғастырғым келеді.
Жаңадан бастаған мұғалімдерге қандай кеңес бересіз
Мен барлық мұғалімдерге – үйренуден жалықпауды, егер бір нәрсені білмеген немесе қателескен жағдайда мойындаудан қорықпауды тілегім келеді. Мен балалар еш қысылмай ойындағысымен бөлісу үшін мұғалім балалардың досы және тәлімгері болуы тиіс, сондықтан жаңа біліммен ғана емес, олардың қиындықтарымен бөліскені жөн, ал бұл көбінесе оларда жетіп-артылады деп есептеймін.
Мұғалім балалар үшін тек академиялық білім мен дағдыларды беретін адам ғана емес, сондай-ақ оларды тыңдай алатын, өзін табиғи қалпында болуға, шығармашылықпен айналысуға дем беретін адам болуы тиіс. Мұғалімнің қасында балалар мектепте көп уақыты болғысы келетіндей, өзара сенім орнаған болуы тиіс.