«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

«NNEF» Қоғамдық Қорына 24 жыл

Құрметті әріптестер!

Біз бүгін «NNEF» Қоғамдық Қорының 24 жылдығын атап өтудеміз. Құрамында Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы «Мирас» мектептері мен балабақшалары, Алматы халықаралық мектебі, «Арыстан» мамандандырылған лицейі, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Astana IT University, Халықаралық ақпараттық университеті, UIB Халықаралық бизнес университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті және SOS Қазақстанның балалар ауылдары бар біздің үлкен ұйымымыздың табысты да тұрақты дамуына ықпал етіп келе жатқан барлық қызметкерлерді, профессорларды, педагогтар мен тәрбиешілерді құттықтаймыз.

Сіздердің арқаңызда Қор Қазақстанда халықаралық білім беруді дамыту бойынша елеулі жұмыстар жүргізді. Бай ұлттық мәдени және білім беру дәстүрлерін сақтай отырып, біз оларға халықаралық тәжірибенің үздік жетістіктерін үйлесімді түрде кіріктіре алдық.

24 жыл ішінде жоғары сапалы біліммен қаруланған жастардың бірнеше ұрпағы тәрбиеленіп, өсіп шықты. Олар қазір ел игілігі үшін қызмет атқаруда, мансап баспалдағында үздіксіз өсуде.

Барлық әріптестерімізге белгіленген жоспарларын іске асыруда табыс, өркендеу, амандық пен жаңа жетістіктер жолында  таусылмас жігер,  сарқылмас қуат  тілейміз!

Top