«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы Гелани Гуила: Табысқа жетуге айналаңдағылар дем беруі тиіс

16 жасар Гелани Гуила – «Мирас» халықаралық мектебіндегі Дипломдық бағдарламаның бірінші курс студенті. Гилани - джиу-джитсудан спорт шеберіне үміткер. 2018 жылы ол Швецияның Мальме қаласында өткен джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында 2-орын алды, ал 2021 жылы БАӘ-нің Абу-Даби қаласында 1-орынды иеленіп, әлем чемпионы атанды. Гелани өмірде табысқа жету үшін не қажет екенін әңгімеледі.

Табысқа жетуіңе айналаңдағылар дем беруі тиіс

Маған әрдайым қолдау  көрсететін негізінен ата-анам мен жаттықтырушым. Оқудағы сияқты, спортта да маған  шабыт беріп,   ынталандыратын  қоршаған ортам.  Мен өз ресурстық жай-күйіңді  сақтау үшін – ағымдағы міндеттеріңді шешуге  рухани, эмоционалдық, дене, психикалық күш-жігеріңе дем беретін адамдардың болуы маңызды деп есептеймін.

Жақын адамдардың қолдауымен қоса, өзіндік ішкі тәртіп те қажет. Менің ойымша, бұл қасиет қиындықтарға қарамастан, алға қойған мақсатыңа біртіндеп жетуге көмектеседі.

Өмірлік жоспарларың қандай

Келешек мамандығымды 9-сыныпта таңдап қойдым, ол - қаржы және бизнесті басқару. Алайда қай университетте оқу жөнінде әлі шешкенім жоқ.  Менің таңдауыма әсер ететін факторлар бірнешеу: дипломдық бағдарлама емтихандарының нәтижелері мен жинаған қорытынды ұпайым,  университеттің беделі, сондай-ақ, әрине, қызығып отырған мамандығым бойынша білім алу мүмкіндігі. Мен үшін университетті таңдау өте маңызды, өйткені ол адамның өзіне ғана емес, болашағына да әсер етеді деп ойлаймын. Менің болашақта өз бизнесімді жүргізу жоспарым бар. Бәрі ойдағыдай болады деп сенемін!

Табысқа жету құпиясы неде

Менде мүлдем бос уақыт жоқ. Үнемі жаңа білім алып,  оны игеруге, жаңа нәрсе үйренуге уақыт табуға тырысамын. Оқу, спорт, қосымша секциялар мен үйірмелер әдетіме және өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды.

Мен TOEFL-ге дайындалып жүрмін, қосымша математика сабақтарына барамын. Сабақтан кейін аптасына екі рет баскетбол жаттығулары бар: біз мектепте баскетбол командасын құрып, көшпелі турнирлерге дайындалып жатырмыз. Және, әрине, джиу-джитсу. Оған күн сайын жаттығамын және бірден айтарым: «Шаршаған жоқпын»!

«Мирас» мектебінде қандай мүмкіндіктер бар

Менің анам 1999 жылы «Мирас» мектебінің ашылуында болыпты. Ол өзі жас болсам осында оқыр едім дегенді айтты. Әкем екеуі балаларының халықаралық білім алып,  келешекте  табысты болуын армандапты. Міне, сондықтан  қарындасым екеуміз қазір «Мираста» оқып жүрміз.

Әрине, артықшылығы көп, бірақ мен үшін бастысы - сыныптағы балалардың аздығы мен студенттермен жеке сабақтар өткізілуі. Менің ойымша, бұл «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының» барлық мектептерінің айрықша ерекшелігі.

Дипломдық бағдарламаның арқасында  өзім хабарласып тұратын біздің мектептің түлектері Еңлік Мекешева мен Далила Қуат сияқты әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігім бар. Еңлік Лондондағы University College-ге оқуға түсті, ал Далила Мәскеудегі Жоғары экономика мектебін үздік белгімен бітірді.

«Мирасқа» оқуға түсушілерге айтатыным: мұғалімдердің нұсқауларын мүлтіксіз орындап, алдын-ала жоғары оқу орнын таңдаңыз да, сенімді түрде жаңа таныстықты бастаңыз!

Кімді  үлгі тұтасың

Мен әкем - сәулет және құрылыс саласындағы Қазақстанның жетекші кәсіпкерлерінің бірі Виталий Гуиланы өзіме үлгі  тұтамын. Әкем мен үшін әйгілі кәсіпкердің, керемет отбасы иесінің және спортқа құмар адамның эталоны.

Мен өзім қаржы мен бизнесті басқару саласына  қызығатын болғандықтан әлемдік бизнес көшбасшылары – Илон Маск пен Джефф Безосты қадағалап отырамын.

Мен сізге Теодор Драйзердің «Финансист», «Титан» және «Стоик» атты үш романнан тұратын  «Трилогия желания» романдар циклін оқуға кеңес беремін. Сондай-ақ, Роберт Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» атты классикалық кітабы.

Табысқа жету үшін сіз өзіңіздің мақсатыңызды нақты білуіңіз қажет, оған жету үшін іс-қимыл жоспарын құрып, пікірлес адамдарды тауып, мақсатыңызға бағыт  алғаныңыз жөн!

Top