Astana IT University студенттері қазақ тілін ілгерілету үшін онлайн-жобаларды іске қосады
Жетекші жоғары оқу орны Astana IT University студенттері қазақ тілін кеңінен насихаттау үшін онлайн-жобалар жасайды. Білім алушылар YouTube және TikTok сайттарында өз жобаларын іске қосады. Олардың идеялары елді, тілді дамытуға, жаңа әлемді ашуға, оқыту мен тәрбие ісіне бағытталған.
Бастапқы тәжірибе және алғашқы бірлескен жұмыс - Myn Bala House мүшелерімен бірге тикток үйінің концерті болды.
«Дайындық барысында Myn Bala House жігіттері мен студенттер достасып үлгерді, олардың ортақ идеялары көп екені белгілі болды, олар енді оны бірге іске асыратын болады», - деді Astana IT University оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Болатжан Құмалақов.
MynВala House – жастардың шығармашылық тобын біріктірген алғашқы қазақ тілді тикток-хаус. Хаус командасы пікірлес адамдардың басын қосу үшін бүкіл елді аралады. Енді олар TikTok үшін қазақ тілін, еліміздің дәстүрлері мен тарихын насихаттайтын бейнероликтер түсіруде.