Астанадағы «Мирас» халықаралық мектебінде STEM-білім беру қалай дамытылуда
Мектептерде STEM-білім беруді дамыту «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. STEM-білім беруді дамыту бағдарламасы 2018 жылы Астанадағы «Мирас» мектебінде әзірленді. Ол STEM тәсілін балабақшадан бастап жоғары мектепке дейінгі барлық оқу сатыларына арналған оқу бағдарламаларына да, сабақтан тыс бағдарламаларға да интеграциялауды қарастырады. «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» мектепке компьютерлік және ресурстық базаны жаңартуда қолдау көрсетеді. Бүгін біз Астанадағы «Мирас» мектебінде STEM-білім берудің қалай дамып жатқанын әңгімелейміз.
STEM деген не?
STEM аббревиатурасында төрт ірі блок бар: Science – жаратылыстану ғылымдары, Technology – технология, Engineering – инженерия, Mathematics – математика. Студенттер бойында жаратылыстану сауаттылығын, шығармашылық ойлауды және жаһандық құзыреттіліктерді дамытуды көздейді.
STEM тәсілін білім беру бағдарламасына кіріктіру үшін әртүрлі пәндер мұғалімдерінің кооперациясы (интеграцияланған оқыту) қажет. STEM оқыту барысындаа студенттер практикалық және тұрмыстық мәселелерді шешу үшін әртүрлі: физика, химия, биология, математика, инженерия, дизайн, цифрлық құрылғылар мен технологиялар салаларынан білімін қолданады қолданады.
«Мирас» мектебінде STEM-тәсіл қалай енгізілуде
• Мектепте оқыту нақты өнімді жасауға немесе шынайы өмірлік міндеттерді шешуге байланысты процестерді модельдеуге шыға отырып, зерттеу және жобалау қызметі арқылы жүргізіледі.
• Оқыту барысында STEM пәндері интеграцияланған түрде оқытылады - студенттерге әртүрлі білім салалары арасындағы байланысты табу үйретіледі.
• Студенттердің ғылым мен технология саласындағы заманауи жетістіктерге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған пәнаралық білім беру ортасы құрылады.
• STEM қосымша біліміне (үйірмелеріне): модельдеу мен прототиптеуге, робототехника мен дизайнға, сандық электроникаға баса назар аударылады.
Ең кіші жастағы балаларға ғылым қалай үйретіледі
«Мирас» балабақшасы мен мектебінің тәрбиеленушілері 3-12 жас аралығын қамтитын IBPYP - International Baccalaureate Primary Years бағдарламасы бойынша ерте жастан бастап зерттеуші болуға үйретіледі. Осы орайда «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының» балабақшалары мен мектептерінің бағдарламалары Қазақстанның білім беру стандарттары талаптарына да жауап беретінін атап өткен маңызды.
Сонымен, балабақша тәрбиеленушілері планетаның әртүрлі түкпіріндегі адамдардың тарихы мен тұратын жерінің ерекшеліктерін зерттеді, түрлі материалдар мен ресурстарды: қағаз бен картонды, әртүрлі құрастыру бөлшектерін қолдана отырып, ежелгі тұрғын үйлер мен заманауи үйлердің модельдерін құрастырып, жасады. Ал бастауыш мектептің бірінші сынып оқушылары «Біз кімбіз» пәнаралық тақырыбы аясында адамның өмір салтының денсаулыққа әсерін зерттеп, отбасылық демалыс пен спортқа арналған спорт алаңдарын жасады.
«Мирас» студенттері қандай STEM жобаларын жасайды
Орта мектепте әр жылы оқушылар пәнаралық жобалар орындайды, олардың көпшілігі STEM-ге бағытталған. Мектепте 5-8 сынып оқушыларына арналған «Компьютерлік технологиялар және робот техникасы» пәні бойынша өзіндік бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда. 9-сыныптан бастап жоғары сынып оқушылары алған білімдерін белгілі бір өнімдерді жасау үшін қолдана отырып, бағдарламалау тілдерін тереңірек меңгереді.
Оқытудың осы сатысына арналған Халықаралық бакалавриат бағдарламасымен (IB MYP - International Baccalaureate Middle Years Programme – 11-16 жас) интеграцияланған негізгі мектеп бағдарламасы бойынша оқыту қорытындысы оқушылардың дербес жобалар орындауы мен таныстыруы болып табылады.
Мектеп оқушылары Жібек Жолының 3D моделі, компьютерлік ойындар, экологиялық автомобиль дизайны, газ бен көмірді пайдалану барысында оның ауаның ластануына әсері, пластикалық және экологиялық пакеттерді салыстырмалы талдау, шахмат ойнауды үйрету үшін заманауи технологияларды қолдануды талдау, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жобасы сияқты жобалар жасады.
«Мирас» оқушылары қандай жетістіктерге жетті
«Мирас» мектебі оқушыларының робот техникасы мен жаңартылатын энергия жөніндегі жобалары 2016-2017 жылдары Астана қаласы мектептерінің 8-11-сынып оқушылары арасындағы «Ғылымдағы дебют» ғылыми жобалар конгресінде бірінші орын алды. 2017-2018 жылдары 8-9- сыныптардың STEM командасы қалалық байқауда 2-орынға ие болды. 2022 жылы мектептің 9-сынып оқушыларының екі командасы 2022 жылғы 24-25 қарашада Astana IT университетінің базасында өткізілген оқушыларға арналған жыл сайынғы 6-шы «STEM Олимпиада – Білім берудегі инновациялар» халықаралық олимпиадасына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.
2019 жылдан бастап жыл сайын мектепте STEM фестивальдер өткізіледі, оған балабақшадан бастап жоғары сыныптарға дейінгі барлық оқушылар қатысады. STEM фестивальдері техникалық шығармашылық, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың шынайы мерекелеріне айналды. Фестиваль барысында мектеп оқушылары мен басқа мектептерден келген фестиваль қонақтары өз жобаларын ұсынып қана қоймай, мұнымен қоса қызықты шығармашылық байқаулар мен жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.