«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

IB PYP білім беру бағдарламасы

«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының» мектептері мен балабақшаларында 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды оқыту International Baccalaureate Primary Years Programme негізінде құрылған. Бұл бағдарлама қабылдау емтихандарынсыз әлемнің үздік университеттеріне түсуге мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде мойындалған IB дипломын алу жолындағы алғашқы қадамы болып табылады. Primary Years Programme  маңызды ерекшелігі - бала ерте жастан бастап білім беру процесінің белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгін біз IB PYP бағдарламасының кейбір ерекшеліктері туралы баяндаймыз.

 

IB PYP деген не?

Қордың үш мектебіндегі IB PYP білім беру бағдарламалары Халықаралық Бакалавриат ұйымынан авторизацияланған. Олар әлемдегі ең қатаң білім беру стандарттары біріне сәйкес келеді. Астана мен Алматыдағы «Мирас»мектептерінің және Алматы халықаралық мектебінің студенттері үлкен халықаралық қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылады.

Студенттер мұғалім ұсынған ақпаратты белсенді қабылдауға, яғни тек тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, өз сұрақтарын қоюға, мәселелерді шешуге өз тәсілдерін іздеуге үйретіледі.  Бағдарламаның тағы бір маңызды элементі - балаларды ерте жас кезеңінен-ақ командада жұмыс істеуге, бірлескен жобаларды орындауға ынталандыру болып табылады.

Математиканы оқыту және мектептегі білім беру бағдарламасына STEM-ді енгізу басым бағыттардың бірі болып табылады. Студенттер бойында жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, сындарлы-шығармашылық ойлау және жаһандық құзыреттілік дамытылады.

 

IB PYP студенттерінде қандай дағдылар дамиды

Бастауыш мектепте білім беру бағдарламасының маңызды ерекшелігі -бастауыш сынып оқушылары бойында коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, ойлау дағдыларын, зерттеу дағдыларын және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қамтитын жалпы оқыту дағдыларын (Approaches to learning skills) дамыту болып табылады. Студенттерге ақпаратпен жұмыс істеу, тұлғааралық қарым-қатынас орнату, ақпаратты сауатты және әдеп тұрғысынан пайдалану, уақытты тиімді пайдалану үйретіледі.

 

Үдемелі оқыту бағдарламасы

IB PYP бағдарламасының негізінде жатқан зерттеу тәсілі оқу процесінде туындайтын идеяларды зерттеуге және студенттің білім алуға өзіндік қатынасын дамытуға жол ашады. Оқытушы оқу барысында студенттердің өздеріне «Біз неге, қалай және не үшін үйренеміз?» деген сұрақ қоюына жетелеуі тиіс.

Барлық оқыту пәндері өзара алты: «Біз кімбіз?», «Біз уақыт пен кеңістікте қайдамыз?», «Біз өзімізді қалай білдіреміз?», «Әлем қалай жұмыс істейді?», «Біз өзімізді қалай ұйымдастырамыз?» және «Планетаны бірлесе пайдалану» деген  негізгі транспәнаралық тақырыппен байланыстырылған.

Бастауыш мектепте оқудың шарықтау шегі мен қорытынды кезеңі студенттердің алған білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін көрсететін жеке және топтық жобалар көрмесі болып табылады. Бұл ретте, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының» балабақшалары мен мектептеріндегі бағдарламалар Қазақстанның білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретінін атап өту маңызды.

Top