«Мотивация емес, тек білімге, еңбекке және тәртіпке сенемін» – дейді «Мирас» Халықаралық мектебінің студенті Назар Беркімбай
Назар Беркімбай - Алматыдағы «Мирас» мектебінің 11IB сынып оқушысы. Оның портфолиосында Almaty Maths Battles әлеуметтік ұйымын құру идеясы бар. Назар алдымен «Мираста», кейін American Space Almaty базасында математика клубын ашты, демеушілер тауып, сарапшылармен кеңестер өткізді, клубтың өзге қатысушыларымен бірге тапсырмалар құрастырды.
Нәтижесінде оның командасы 6 қаланың 20 мектебінен 250-ден астам оқушы қатысқан екі турнир ұйымдастыруды іске асырды. Соңғы турнирдің қоры 1,7 миллион теңгені құрады. Назардың барлық тілек білдірушілер үшін олимпиадалық математика бойынша сабақтар өткізу жоспары бар. Жас жігіт өз табысының құпиясымен бөлісті.
Бар мәселе математикаға деген құштарлықта ...
Мен осы жазда халықаралық экономика бойынша олимпиадада (ол Чемпиондар лигасы сияқты, оған барлық елдің тек экономика бойынша командалары қатысады) қола медальді жеңіп алдым. Математика олимпиадаларында жеткен жеңістерім көп: олардың ішіндегі өзіме ұнайтыны екеу – Майкоп қаласындағы Кавказ халықаралық олимпиадасында алған күміс медалім мен «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасындағы күміс марапатым.
Олимпиадада алғашқы медальға қол жеткізу үшін маған бір жарым жыл дайындық қажет болды - бұл өте қиын, бірақ мен үшін медаль басты нәрсе болған емес. Мен тек математиканы жақсы көремін. Достарым, сондай-ақ жалпы математика қауымдастығы мені үздік бола түсуге шабыттандырды, біз ылғи бірлесіп есептер шығардық, бірге оқып, бірге ойнадық.
Алда қандай жоспарлар бар
Мен өз әкем сияқты жақсы әке болғым келеді. Мен үшін жақсылығын аямаған ұстаздарым және достарым сияқты, мен де адамдарға жақсылық жасағым келеді. Оларға өте ризамын және алғыс білдірудің жолы – солар секілді жақсы іс жасау деп ойлаймын.
Princeton University-не статистика және математика мамандығына оқуға түсуге бел будым. Өзімнің сүйікті ісім - нарыққа талдау жасап, компанияларды дамыту стратегиясын жазуды жалғастырамын. Мен өмірде шешім қабылдауда, тіпті жалпы күн сайын математиканы қолданамын.
Жетістік сыры неде
Мен мотивацияға емес, тек білімге, қажырлы еңбек пен тәртіпке сенемін. Рэптен шабыт аламын - бұл өнер менің жанымның бір бөлшегі іспетті. Оксимиронға өте ризамын, онсыз ағылшын тілін үйрене алмас едім. Көп музыка тыңдаймын – тілді көбірек түсінуге тырысамын.
Шахмат ойнаймын. Айтпақшы, біздің мектеп командасы өткен жылы қала бойынша бірінші болды, менде рапидте 2300+ бар – бұл lichess-тегі қауымдастық ойыншыларының 1%-ы.
Мен Дэвид Гоггинстің «Can’t Hurt Me», Мег Джейдің «Why your twenties matter» және Джеймс Клирдің «Atomic Habits» кітаптарын оқуға кеңес беремін – осы кітаптар менің өмірімді өзгертті. Екіншісі де, үшіншісі де барлық адамдар үшін өте пайдалы болады.
Онлайн білім алған дұрыс – мысалы, мен MIT-тен Open Course Ware-де математика мен экономика бойынша дәрістер тыңдаймын, сонымен қатар Yale University-індегі поэзия мен музыка жөніндегі дәрістер де қызықты.
«Мирас» мектебі қандай мүмкіндіктер береді
International Baccalaureate Diploma Programme - менің мүмкіндігім. «Мираста» IBDP бойынша оқып жүргеніме өте қуаныштымын. Маған бағдарламаның көптеген аспектілері ұнайды, мысалы, бізде академиялық жұмыс жазуға мүмкіндіктер көп. Менің ойымша, «Мираста» оқушылардың өз қызығушылығына сәйкес нәрселерді үйренуіне мүмкіндіктер көбірек, бізде түрлі таңдау бар. Мұғалімдер өте мықты. Менің ағам да «Мирасты» бітірді. Ол мұнда көп нәрсе үйрендім дейді. Мен оған сенемін.
«Мирасқа» оқуға түскісі келетіндерге айтарым: математиканы тереңірек оқыңыз. Егер сіз оны белгілі бір түсіну деңгейіне жетсеңіз, әрі қарайғы академиялық өмірде жеңілірек болады.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» оқушылардың білім алуы мен өсуіне мол мүмкіндіктер береді. Бұл игілікті іс.
Кімді үлгі тұтамын
Қазақстандықтардың ішінен мен үшін үлгі - математик Асқар Жұмаділдаев – ол өте мейірімді және шынайы. Ол бізге математикадағы стандарттан тыс идеяларды және оларды өмірлік жағдайларға қалай экстраполяциялау қажеттігін көрсетті.
Шетелдік танымал адамдардан - Кендрик Ламар және Оксимирон. Біріншісі, музыка арқылы күш береді, оның бар адамға пайдалы болатын өте күшті әрі құнды идеялары бар. Оксимирон Оксфорд түлегі ретінде мені музыка арқылы оқуға шабыттандырады. Мен сол сияқты болғым келеді.