«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

«Мирас» мектебіндегі STEM білім беру

Алдағы 10 жылда бүкіл әлем бойынша STEM мамандарына сұраныс экономиканың басқа салаларына қарағанда әлдеқайда жылдам өсетін болады. Қазірдің өзінде мектеп студенттері өз болашағын қалай құру қажеттігі туралы ойланады. Мектептерде STEM-білім беруді дамыту «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» жұмысының стратегиялық бағытының бірі болып табылады.

Алматыдағы «Мирас» мектебіне Қор өкілдері мектепте STEM және робот техникасын оқыту мен аралас сынып үшін жаңа VR/AR кабинетін құру бойынша кеңес берді. Бүгін біз Алматының «Мирас» мектебінде болашақтың мамандарын қалай дайындайтынын егжей-тегжейлі баяндаймыз.


olbmiras

 

STEM дегенміз не?

STEM аббревиатурасы төрт үлкен блокқа ие: Science – жаратылыстану ғылымдары, Technology – технология, Engineering – инженерия, Mathematics – математика. Студенттер  бойында ғылыми жаратылыстану тұрғысынан сауаттылықты, сындарлы ойлау мен жаһандық құзыреттілікті дамыту көзделеді.

STEM тәсілін білім беру бағдарламасына кіріктіру үшін (интеграцияланған оқыту) әртүрлі пән мұғалімдерінің кооперациясы қажет. STEM оқыту барысында студенттер практикалық және тұрмыстық мәселелерді шешу үшін әртүрлі - физика, химия, биология, математика, инженерия, дизайн білім салаларындағы білімді,  цифрлық құрылғылар мен технологияларды қолданады.

STEM-тәсілі қалай енгізіледі

• STEM білім беру элементтері мектептің оқу жоспарларына енгізіледі;
Оқыту барысында STEM пәндері интеграцияланған түрде оқытылады - студенттерге түрлі білім салалары арасындағы байланысты табу үйретіледі;
• Проблемалық бағдардағы оқу қызметі - студенттерге нақты әлемдегі мамандар алдында тұрған міндет қойылып, олар оны команда болып шешеді;
• Команда нақты материалдық объектіні немесе компьютерлік модельді құруы қажет. Алынған нәтиже көрсетіле отырып қорғалуы, яғни алынған нәтижеге түсініктеме беру, модельдің жұмысын негіздей отырып, құбылыстар мен заңдылықтар түсіндірілуі тиіс;
• STEM қосымша білім беруге (үйірмелеріне), яғни - модельдеу және прототиптеу, робот техникасы және дизайн, цифрлық электроникаға басымдық беріледі;
• STEM-білім берудің бейресми бағдарламалары: жазғы лагерьлер, мектептен тыс іс-шаралар, студенттердің назарын STEM-кәсіптерге аударатын конкурстар.

«Мирас» түлектерінің болашағы қандай болады

STEM-білім беру оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту бағытының бірі болып табылады. Келешекте  түрлі бағыттағы және түрлі ауқымды пәнаралық міндеттерді шеше алатын, жаһандық және өңірлік проблемаларды шешу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін объектілер мен материалдарды әзірлеп, құрастыра алатын мамандар қажет болады.

Оқу процесі негізінде студенттер бойында  функционалдық сауаттылық қалыптасып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алу мүмкіндігі  туындайды. Олар ХХІ ғасыр талап ететін дағдыларға қатысты жаңа нәтижеге жетуге  бағытталған. Оқытудың маңызды міндеті - жоғары технологиялық сала кадрларын даярлау болып табылады.

Ынталы орта мектеп оқушыларының келешекте ғылым мен техника саласында жетістікке жетуі, технологиялық секторға араласып, табысты болуына мүмкіндік  жасау үшін терең STEM оқыту жүргізіледі. Оқытудағы маңызды элемент - тиімді кәсіптік бағдар беру – келешегі зор STEM-кәсіптермен таныстыру.

Top