Алматы халықаралық мектебінде Ғылым күні атап өтілді
10 қарашада АХМ-нің «STEM» кафедрасы мектептің барлық сыныптарында ғылыми зияткерлік ойындар, викториналар, эстафеталар мен квестілер, пікірталастар өткізді, ал ең қызықты сәт модельдер, роботтар көрмесі, химиялық түрленулерді көрсету мен микроәлем объектілерін бақылау болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры мектептерін дамытудағы стратегиялық бағыттардың бірі STEM-білім беруді алға жылжыту болып табылады.