«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Арыстан» лицейіне келіп, оқушыларымыздың жетістіктерімен танысты.

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Арыстан» лицейіне келіп, оқушыларымыздың жетістіктерімен танысты. Ол қазақстандық армияның болашақ көшбасшыларын даярлау жолындағы біздің миссиямыздың маңыздылығына тоқталып, армия жастар үшін әлеуметтік баспалдақ болуға тиіс екенін атап өтті. Біз лицей оқушыларымыздың әлемдік деңгейде білім алып, Отанға қызмет етуге дайын екендігін мақтан тұтамыз. Мерекелік іс-шара мектеп түлектерінің оқу орнының туын көрсету рәсімімен және лицей оқушыларының "Мен Қазақпын" әнін орындауымен басталды. Содан кейін Қорғаныс министріне лицей оқушыларының жетістіктері туралы баяндалып, мекеменің инфрақұрылымы көрсетілді. Мұнда Руслан Жақсылықов оқу сыныптарын, жүзу бассейнін, тирді және бокс залын аралап көрді. Министрлік басшысына оқыту барысында интерактивті технологиялар мен алғашқы әскери дайындықты оқытуда инновациялардың қалай қолданылатыны көрсетілді. Лицей туралы ақпараттық материалдарды қарап шыққан Қазақстанның Қорғаныс министрі үздік оқушылармен кездесіп, олардың алдында сөз сөйлеп, сұрақтарына жауап берді. Лицей оқушылары жоғары оқу орындарына түсу үшін гранттар алуға қатысты мәселелерге белсенді қызығушылық танытты. Жоғарғы Бас Қолбасшының, Ел Президентінің әскери қызметтің әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, Қорғаныс министрі ҚР Қарулы күштері жастар үшін әлеуметтік жоғарылау тетігі болуға тиіс екендігіне назар аударды және бүгінде бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
arystan

Top