«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

ҚБТУ-ДАҒЫ БАСПАСӨЗ ТУРЫ

ҚБТУ-ДАҒЫ БАСПАСӨЗ ТУРЫ: ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХ ПЕН  ИННОВАЦИЯЛАР СИНЕРГИЯСЫ

 

2024 жылғы 3 қазанда Алматыда Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Республика күніне орай Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) ауқымды баспасөз туры болып өтті.

Іс-шараға БАҚ-тың жетекші өкілдері, блогерлер, сондай-ақ белгілі сарапшылар: заңгерлер Джохар Өтебеков пен Ержан Есімханов, экономист Меруерт Махмұтова, саясаттанушылар Эдуард Полетаев пен Ілияс Бақтығалиев, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұржан Жакупов, танымал деректі фильмдердің авторы Әлия Әшім және т.б. қатысты.

Баспасөз турының  ұйымдастырылуы кездейсоқ құбылыс емес. Бұл бір кездері Қазақстан дамуына серпін берген аса маңызды шешімдер қабылданған және қазір мұнай-газ өнеркәсібі мен жоғары технологиялар саласындағы елдің жетекші мамандарын даярлау жүзеге асырылып жатқан тарихи ғимаратқа құрмет іспетті. Іс-шараға қатысушылар тарихи залдарды, соның ішінде атақты Тәуелсіздік залын аралап көруге және ел тәуелсіздігі қалыптасуының осы символы негізінде әлемдік деңгейдегі заманауи білім беру орталығы құрылымын көруге ерекше мүмкіндік алды.

DSC 1211

NNEF ҚОРЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚБТУДЫҢ ҮЗДІКСІЗ ДАМУЫ

Қазақстан-Британ техникалық университеті – бұл жай ғана ЖОО емес, бұл білім беру мекемесіне жеке қордың басшылық етуінің сәтті моделінің мысалы. 1998 жылы 15 желтоқсанда құрылған NNEF қоғамдық қоры мектепке дейінгі білім беруден бастап университеттерде жоғары білікті мамандар даярлауға дейін елдің барлық деңгейдегі білім беру жобаларына инвестиция сала отырып, «Lifelong learning» үздіксіз білім беру тұжырымдамасын іске асыруда.  Қор құрылған сәттен бастап Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға 250 миллион доллардан астам қаражат салынды, бұл 120 миллиард теңгеге тең. Бұл қаражат балабақшаларды, мектептер мен жоғары оқу орындарын құруға және дамытуға, сондай-ақ инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізуге бағытталды.

NNEF қорының «University Alliance of Science and Technology» университеттік альянсының жетекшісі Хусаинова Майра атап өткендей:

«Мектептер, балабақшалар немесе университеттер болсын, біздің білім беру мекемелерінің қызметінен алынатын барлық кірістер оларды одан әрі дамытуға және жаңғыртуға бағытталады. Біз дивидендтерді акционерлер арасында бөлмейміз – керісінше, акционерлер студенттер мен оқытушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін барлық пайданы өз оқу орындарымызға толығымен қайта инвестициялау туралы шешім қабылдайды. Бұл біздің стратегиялық бағытымыз және Қор жұмысының негізгі қағидасы. NNEF - 2 жастан бастап үздіксіз білім берудің қайталанбас экожүйесін түзеді: 3 балабақша, 4 мектеп, 5 университет (ҚБТУ, Astana IT University, Energo University, UIB, ХАТУ), сондай-ақ «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» әлеуметтік жобасы.»

ЖОО-ны басқару NNEF қорына берілген сәттен бастап ҚБТУ даму үшін қуатты серпінге ие болды. Тек соңғы жылдардың өзінде Қор университеттің дамуына 11 миллиард теңге жұмсады. Бұл қаражат заманауи оқу және ғылыми зертханалар құруға, 980 орындық жаңа жатақхана мен ауданы 2400 шаршы метр спорт кешенін салуға, сондай-ақ университеттің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталды. ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин атап өткендей, осы инвестициялардың арқасында университет жаңа деңгейге көтеріліп, ұрпақтар сабақтастығының символына ғана емес, сонымен қатар тарихи мұра мен заманауи технологияларды тиімді  ұштастырудың үлгісіне айналды.

«Біз ҚБТУ-дың осындай маңызды тарихи ғимаратта жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз және NNEF қоры бізге осы ерекше нысанды дамытуға көмектесетіні де одан кем емес мәртебе. Соңғы жылдары біз білім беру бағдарламаларының санын 16-дан 68-ге дейін арттырдық, 35-тен астам заманауи зертханалар ашып, студенттер үшін тамаша жағдай жасай алдық. Біздің мақсатымыз – ҚБТУ-дың әрбір студенті өз саласында көшбасшы болуы және біз осы мақсатқа жету үшін бар күшімізді саламыз», — деп атап өтті ректор.

DSC 1222

УНИВЕРСИТЕТ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕТЕКШІ ДАЙЫНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

Баспасөз туры университеттің білім беру әлеуетін ғана емес, сонымен қатар оның елдегі инновациялар дамуына қосқан үлесін көрсететін негізгі орындарды аралауды қамтыды. Олардың ішінде:

- «SMART FIELD AIRANKOL» ЖОБАСЫ – студенттер «Айранкөл» кенорнының нақты деректеріне қол жеткізе алатын қайталанбас зертхана, бұл оларға теориялық білімді практикалық             іс-әрекетпен ұштастыруға мүмкіндік береді.

- SHNEIDER ELECTRIC ӨНЕРКӘСІПТІК АВТОМАТТАНДЫРУ ЗЕРТХАНАСЫ –  студенттер өнеркәсіптік процестерді автоматтандыруды оқып-үйренеді және технологиялық процестерді басқарудың мейлінше жаңа жүйелерін меңгереді.

- HALYL ACADEMY КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ЗЕРТХАНАСЫ – студенттерге ақпараттық қауіпсіздік және этикалық хакерлік мәселелерді зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған оқыту платформасы.

- БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ – жел энергетикасы, күн энергетикасы және жұқа пленкалар синтезі саласындағы зерттеулерді қамтитын ҚБТУ ғылыми қызметінің жетекші бағыттарының бірі.

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ҚБТУ Ұлыбританияның, Норвегияның және басқа елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Бұл студенттерге халықаралық жобалар мен студент алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді, бұл олардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мұны Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің деканы Азамат Иманбаев келесідей  атап өтеді:

«Біз студенттер өз идеяларын жүзеге асыра алатын, жаңа технологияларды қолдана алатын және болашақта нақты мәселелерді шешуге дайындалатын жағдайлар жасауға тырысамыз. Халықаралық серіктестермен ынтымақтастығымыздың арқасында студенттер тек теориялық дайындықтан ғана өтіп қоймайды, ерекше практикалық іс-тәжірибе де жинақтайды.»

DSC 8757

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МҰРАНЫ САҚТАУ

 

Пресс-тур бағдарламасының соңы бастапқы күйінде сақталған академик Д.А. Қонаевтың кабинетін көру болды. Бұл кабинет ұрпақтар сабақтастығының маңызы мен тарихи мұраның заманауи білім беру процесіне кірігуінің көрінісі іспетті.  Қонақтар сондай-ақ, университеттің 20 жылдық құрметіне орай және ҚБТУ-дың келешек студенттер буынына  арналып салынған уақыт капсуласының жобасымен де танысты.

Баспасөз туры брифингпен аяқталды, онда университет өкілдері журналистер мен блогерлер сұрақтарына жауап берді, Алматы тұрғындары мен қонақтарына тұрақты экскурсиялар ұйымдастыру жоспарлары туралы баяндап, сондай-ақ тарихи ғимараттарды сақтау және дамыту мәселелері бойынша қаланың Қоғамдық кеңесінің көшпелі кеңесін өткізуді ұсынды.

«ҚБТУ – білім беру ғана емес, бұл еліміздің болашағын қалыптастыратын тарих пен инновациялардың синтезі. ЖОО-ны жеке қор арқылы тиімді басқару студенттер мен оқытушылардың, демек, бүкіл Қазақстанның дамуы үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті Хусаинова Майра.

DSC 1459

ҚОРЫТЫНДЫ: БАСПАСӨЗ ТУРЫ ҚБТУДЫҢ ОЗЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗЫН РАСТАДЫ

Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Республика күніне арналған баспасөз туры ҚБТУ – бұл жай ғана университет емес, сабақтастықтың, серпінді даму мен жоғары стандарттар символы екенін баса көрсетті. Қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, университет өкілдерінің ашықтығын атай отырып, NNEF қоры басшылығы аясында білім беру мекемесінің әрі қарайғы үздіксіз дамуына үміт білдірді.

Top