«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Astana IT University-дің жаңа ректоры болып Асқар Хикметов тағайындалды

Асқар Хикметов – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша түлегі, академиялық және кәсіби тәжірибесі мол, физика-математика ғылымдарының кандидаты және жоғары білімді цифрландыру саласындағы елеулі тәжірибесі бар. Бұл сәтке дейін Асқар Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін басқарып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Хикметовтың ғылыми қызметі турбуленттілік теориясы, математикалық модельдеу және жоғары өнімді есептеулер саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған. Ол 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы және Ұлыбританияда халықаралық бағдарлама бойынша білім алған. Оның тәжірибесі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруды және әлемнің жетекші IT-компанияларымен ынтымақтастықты қамтиды. «Маған Astana IT University-ді басқаруға үлкен сенім артылды – бұл үлкен жауапкершілік. IT секторы ел экономикасының барлық дерлік секторларының қызметіне әсер етеді. AITU-дың ерекше миссиясы – жоғары білікті мамандарды даярлау және Қазақстанның цифрлық трансформациясына тәжірибелік қатысу. Біздің ортақ мақсатымыз – университетті әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті инновациялар, ғылым және білім орталығына айналдыру. Менің қызметім AITU мен мыңдаған оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің мүдделеріне байланысты болады», - деді Асқар Хикметов жаңа ұжым алдында сөйлеген сөзінде.
Astana IT

Top