«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

ҚБТУ, ХАТУ және AITU құрама командасы Ресейдегі СTF турнирінде ТОП-10-дық қатарында енді

ҚБТУ, ХАТУ, AITU және ЕҰУ студенттерінен құралған «scimus_verum» Қазақстан құрамасы Ресей CTF VI Кубогы – киберқауіпсіздік бойынша ірі турнирде 7-орынды иеленді. Қазақстандықтар 315 команда арасында іріктеу сатысынан өтіп, ширек (1/4)   финалға сәтті қатысты. Олар ақпараттық қауіпсіздік бойынша  ТОП-10 үздік командалар қатарына енді.

Турнир Capture the flag форматында өтеді. «Ақ хакерлер» командасының міндеті -қарсыласынан «туды» шынайы жағдайға  жақын тұрғыда жеңіп алу. Командалар таңбалардың ерекше комбинациясын (жалаушаны) иелену үшін қолданбалы тапсырмаларды шешеді. Әрі қарай қатысушылар жалаушаны арнайы платформаға жіберіп, ұйымдастырушылардан тапсырма дұрыс шешілгеніне немесе тағы бір рет жауап беруге тырысуға болатындығына растау алады.


uninews1   uninews2

 

Турнирді Мәскеу қаласының ақпараттық технологиялар департаментінің қолдауымен Бүкілресейлік «Ресей тәлімгерлері» балалар мен жастар тәлімгерлерінің қоғамдық қозғалысы және Ақпараттық қауіпсіздік қызметтері басшыларының қауымдастығы ұйымдастырды.

Қазақстан құрама командасы мүшелері:
1. Дәрменов Бекжан – AITU
2. Назаров Мұхамбет – AITU
3. Сайлауов Дидар – AITU
4. Базаргелдиев Ренат – ХАТУ
5. Тұрсынқұл Мағжан- ХАТУ
6. Қабыл Қанат – ҚБТУ
7. Қадыров Дамир – ЕҰУ

Команда капитаны Ренат Базаргелдиев ХАТУ-да 4- курста оқиды. Ол қазірдің өзінде бизнестегі киберқауіпсіздікке көмектесетін жеке компанияда жұмыс істейді. Ренат айтып өткендей, ширек финалда командаларға сервистерді («сүт зауыты», «атом электр станциясына арналған файлдарды сақтау», «метро жұмысына арналған сервис» және «тендерлерді өткізу жүйесі») бұзып, содан кейін қорғау қажет болды. Олар өз әрекеттері үшін қорытынды рейтингіне әсер ететін ұпайлар алды.

«Командамыздың ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тәжірибесі мол болуының арқасында біз ойынның көп бөлігінде 4- орында тұра алдық. Бастапқы осалдықты мейлінше тез тауып, бөгде шабуылдарға дер кезінде жауап қату мүмкіндігі болды. Өзге қатысушылар қонақ команданың осылай ойын көрсетуіне таң қалды. Анық болғандай, біз міндеттерді  үздік командалар деңгейінде шешеміз», - деді ол.

Турнирде бірінші орынды Экономика жоғары мектебінің командасы иеленді. Турнир барысында  қазақстандықтар «МИФИ» Ұлттық ядролық университеті, ИТМО Ұлттық зерттеу университеті, Мәскеу мемлекеттік азаматтық авиация техникалық университеті және Innopolis University командаларынан  үздік өнер көрсетті.

«Ұйымдастырушылар біздің команданы өте жылы қарсы алды. Олар Қазақстан өнерін жоғары бағалады. Біз келесі жылы кубокты жеңіп алуға үміттенеміз», - деді Astana IT University Интеллектуалдық жүйелер және киберқауіпсіздік департаментінің профессоры Лаура Алдашева.

«Біздің жігіттердің ойлау жүйесі төрешілерге өте ұнады. Біз қазір қателіктер бойынша жұмыс жүргізіп, ұйымдастырушылар ұсынған биылғы және барлық өткен жылдардағы міндеттерді зерделейтін боламыз», - деді ХАТУ АҚ киберқауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі Сәуле Аманжолова.

Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры ҚБТУ, ХАТУ және AITU құрылтайшысы болып табылады, Қор өз филиалдарында STEM-білім беруді дамытуға жәрдемдесу түрінде қолдау көрсетеді.

Top