Алматы халықаралық мектебіне 21 жыл толды
17 қарашада Алматы халықаралық мектебі өзінің құрылған күнін атап өтті. АХМ миссиясы - білім беру ісінің ілгері жылжуы мен әрбір оқушының жеке әлеуетінің ашылуы үшін мейлінше қолайлы жағдай жасау.
Ұжымды АХМ-нің салтанатты ассамблеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының өкілдері құттықтады.
«Біз қазірдің өзінде осы мектеп түлектері өз балаларын оқуға туған мектебіне әкеліп жатқанына куә болып отырмыз. Бұл АХМ-дағы білім сапасына деген сенімнің жоғары екендігін көрсетеді», - деді Қордың ұлттық бағдарламалар үйлестірушісі Мария Ковжасарова.
Айтулы күнге орай оқушылар мектеп әнұранын орындап, құттықтау әндерін әуелетті, сүйікті мектебіне жыр жолдарын арнап, би нөмірлерін көрсетті. Мектепте шахмат турнирі, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы жолдастық волейбол матчы, зияткерлік ойындар мен квесттер болып өтті.