«TEACHER OF THE YEAR» конкурсы
Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры жыл сайын «Teacher of the year» байқауын өткізеді. Биыл ол Қор мектептерінің педагогтары үшін – 10 қарашада, ал балабақша тәрбиешілері үшін – 1 желтоқсанда басталады. Байқаудың мақсаты – дарынды педагогтарды мадақтау, оларды инновациялық тәжірибеге ынталандыру мен оқушыларды жоғары академиялық жетістіктерге бағыттайтын кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Байқауға «Арыстан» лицейі, Астана мен Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектептері, Алматы халықаралық мектебінің мұғалімдері, сондай-ақ «Мирас» халықаралық мектептері жанындағы балабақшалар, Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы «Мирас» бөбекжай-бақшалардың тәрбиешілері қатысады.
Өткен жылы «Teacher of the year» байқауы кәсіби портфолио бойынша іріктеу, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары байқауын, сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар байқауын қамтыды. Конкурстың 8 жеңімпазы 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды және бір қатысушы 200 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлығын иеленді. Өткен жылғы конкурс қорытындылары ескеріле отырып, осы оқу жылы Конкурс өткізу қағидаларына толықтырулар енгізіледі.
Конкурсты өткізу ережелерімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады.