«Мирас» мектебінің оқушысы Астанадағы көркемөнер көрмесінде жеңімпаз атанды
Астана қаласындағы халықаралық «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы Дариға Сағитова Астана Операдағы
халықаралық беделді «We Are The World» балалар көркемсурет көрмесінде 1-орынды иеленді.
Әділқазылар құрамында италиялық суретшісі Андреа Бакалини, суретші, Қазақстан көркемөнер академиясының мүшесі,
Zere өнер мектебін құрған Әйгерім Бектаева, еңбегі сіңген суретші, Ресей 1 телеарнасының «Тағажайып адамдар»
халықаралық конкурсының жеңімпазы Ренат Елубаев болды.
Дариға көрмеге әлемде болып жатқан оқиғаларға өзіндік көзқарасын бейнелеген туындысын ұсынды.
Ол «Менде жеңімпаз боламын деген ой болмады. Өз жұмысымды 4 қарашада жіберіп едім, бірден шақырту алдым.
Мен жас санатым бойынша бірінші орын алдым» деп бөлісті.