Балалардың болашағы үшін ең пайдалы дағдылар – семинар-тренинг Алматыдағы «Мирас» мектебінде өтті
Алматыдағы «Мирас» мектебінің базасында «Мирас» халықаралық мектептерінің жұмыс тәжірибесі мысалында жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту процесі» атты семинар-тренингі өтті. Оған қаланың білім беру мекемелерінің мамандары, Қазақстанның бірқатар өңірлерінен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Семинар несімен маңызды
Ақпаратпен өзіндік жұмыс, оны оқу пәнінің түріне қарамастан өз бетімен іздеп ала білу және ұтымды өңдей білу мүмкіндігі — жалпы оқу дағдылары дегеніміз осы. Мұндай дағдыларға зерттеу, ойлау, қарым-қатынас, әлеуметтік және өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары жатады. Бұлардың жалпы оқу дағдылары деп аталуы - олардың әр пәнге тән ерекше дағдылардан өзге бүкіл білім алу процесіне қажеттігінде. Көбінесе оқу үлгерімінің нашар болу себебі оқушылар бойында осы жалпы оқу дағдыларын дамыту деңгейінің төмендігінде жататыны даусыз.
Теориялық бөлімде 11 секцияда (мектеп пәндері бойынша) әрбір білім беру саласы пәндері аясында жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру мәселесін ұйымдастыру талқыланды. Семинардың практикалық бөлімінде 11 секцияда қатысушылар нақты пәндер бойынша жалпы оқу дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған өзіндік тапсырмалар әзірледі.
Семинар не туралы болды
Семинардың мақсаты: оқушылар бойында 5 дағды тобын - зерттеу, ойлау, коммуникативтік, әлеуметтік, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру және дамыту бойынша мектеп жұмысының жүйесін кешенді ұсыну.
«Мирас» мектебінде құзыретті білім беру моделі 20 жылдан астам уақыт бойы іске асырылып келеді. International Baccalaureate талаптары негізінде әзірленген «Мирас» мектебінде студенттер білім алатын интеграцияланған бағдарламаларда әрбір оқушыға міндетті жеке қатынас көзделеді. Білім беру бағдарламалары мектеп тарапынан дербес әзірленеді және мемлекеттік білім беру стандарттары мен IB бағдарламаларының өзгерістеріне сәйкес белгілі кезеңділікпен жаңартылып отырады.
«Мирас» мектептерінде бұл оқу бағдарламаларынан өзге 3 жастан бастап 12-сыныпқа дейін қамтитын жалпы оқу дағдылары мен құзыреттіліктерін мақсатты қалыптастыруды және дамытуды көздейтін бір ортақ бағдарлама - Approach to teaching and learning (оқыту және оқыту тәсілдері) әзірленген. Бұл бағдарламаның іске асырылуын ATTL арнайы үйлестіруші-қызметкері үйлестіріп отырады.
Жалпы оқу дағдыларының оқушылар келешегіне не көмегі бар
Семинар-тренингіні ұйымдастырушылар жалпы оқу дағдылары студенттерге мектепте ғана емес, өмір бойы табысты болуға көмектесетінін атап өтті. Оларды мектеп бағдарламасына енгізу мемлекеттік стандарттан ауытқуды көздемейді.
«Оқыту бағдарламасы білім беру үдерісін неғұрлым сапалы ететін, өмір бойы дербес дамуға дайындайтын ойластырылған мазмұн, стратегиялар, әдістемелер болып табылады», - делінген «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ директоры Светлана Мурзабекованың құттықтау сөзінде.
Оқу орнындағы академиялық үлгерім өмірлік жетістікке жету мен жалпы мансаптық тұрғыдан өсу үшін жеткілікті бола бермейтінін, көбінесе табысқа қол жеткізу жеке әлеуметтік және эмоционалдық саулықпен тығыз байланысты екенін түсіну маңызды.
Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектебі директоры Ирина Власянц семинарда сөйлеген сөзінде Amazon компаниясындағы қызметкерлер жалдау процесінің мысалын келтірді. Әрине, біз IT саласындағы ең жақсы дағдыларға ие үміткерге артықшылық беріледі деп ойлайтынымыз белгілі.
«Әрқашан бір орынға 100-ден астам адам болатын бұл компанияда қыруар үміткер ішінен гуманитарлық білімге ие үміткер таңдалған. Әрине, оның да бірқатар IT дағдылары болған. Бірақ ол мұнымен қоса командада тиімді жұмыс көрсеткен, мақсатты нақты тұжырымдап, жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, нәтижеге қол жеткізе алған. Яғни, бұл арнаулы IT білімі жоқ үміткерде біз жалпы оқу дағдылары деп атап отырған дағдылар жоғары деңгейде болғанын байқатады. «Мирас» мектебінде осы дағдыларды қалыптастыру маңызды педагогикалық міндеттер бірі ретінде қарастырылады», - деді ол.
«Microsoft компаниясының болжамы бойынша 2025 жылға қарай оқушылардың 65 пайызы бұрын болмаған қызметтерді атқаратын болады. Келешектің 10 үздік кәсібі бірнеше сала бойынша мамандануды талап етеді. Тар шеңберлі мамандану уақыты өтті. Қазіргі жағдайда мектептің белгілі бір бейіндік бағыты болуы жөнінде айту өзекті емес. Міне, сол себепті «Мираста» оқушының курстарды өз бетінше таңдауын қамтамасыз ететін self-taugh (өзін-өзі оқыту) моделі жұмыс істейді. Барлық деңгейде жалпы оқу дағдыларын дамыту және жетілдіру жүзеге асады. Бүкіл білім беру моделі, барлық саты мен әрбір деңгей жалпы оқу дағдыларын дамытуға және қалыптастыруға ықпал етеді», - деді Ирина Власянц.
Бұл ретте жалпы оқу дағдыларын енгізуді арнайы үйлестірушілер, сынып жетекшілері, сабақта мұғалімдер мен оқушылардың өздері қадағалайды — мұндай модель прогресті неғұрлым тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Жалпы оқу дағдыларын игеруге қойылатын талаптар сипатталған күтілетін нәтиже матрицасы енгізілген. Мысалы, 6-сыныпта зерттеу дағдылары аясында оқушы ақпаратты тауып, оны өз зерттеуінде қолдана білуі, академиялық адалдық ережелерін сақтай білуі, ақпаратты таңдау туралы шешім қабылдауы және шешімдерін түсіндіре білуі тиіс. 7-сыныпта талаптар күрделене түседі. 12-сыныпта «Мирас» студенттері университеттің бірінші курсына дайын болады, нәтижесінде мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу деңгейі 100 пайызға жетіп, IB бағдарламасында да, ҰБТ-да да жоғары балл көрсетеді.
Оқушылардың ата-аналарына баланың жалпы оқу дағдыларын дамыту жөнінде жеке есеп беріледі. Онда қай нәрсеге назар аудару қажеттігі белгіленіп, болуы тиіс деңгейден төмендігінен бастап, қажетті деңгейден жоғарыға дейінгі жетістік критерийлері көрсетіледі. Мұғалім мен бала процесті өздері талдай алады.
Қатысушылар үшін семинар-тренингінің қандай пайдасы бар
«Мирас» халықаралық мектептерінің жұмыс тәжірибесі мысалында жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту процесі» атты семинар-тренингіне қатысушылар бұл бағдарламаға өздерінің елеулі қызығушылықтары бар екендерін жеткізді. Оларды практикада қолдануға болатын жаңа бағыттар, сондай-ақ өз тәжірибелерін семинар-тренинг ұйымдастырушыларымен салыстыру және студенттерді оқыту үшін жаңа идеялар алу мүмкіндігі қызықтырды. Қатысушылардың көпшілігі «Мирас» мектебімен ұзақ уақыт байланысқа ие, белсенді ынтымақтастық орнатқандар.
«Мұнда алған білімімді іс жүзінде қолдана аламын, оны әріптестеріммен бөлісемін. Оқушылар да сабақ өткізудің жаңа форматына ие болады», - деді В. Г. Белинский атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Валентина Битюцкая.
Семинардағы сұхбаттар барысында қатысушылар алған білімдеріне талдау жүргізіп, тәжірибелерін өз білім беру бағдарламаларында пайдалануды жоспарлап отыр.
«Егер біз бұрын мұғалім балаға дайын білім беруі тиіс деген болсақ, қазір біз оқушының өзбетімен ізденіп, білім жинауы туралы айтып отырмыз. Осы бағытта көбірек тәжірибе алғым келеді», - деді «Немере» жекеменшік мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаңыл Әбдіқалықова.
Жалпы оқу дағдылары оқытудың әрі қарайғы сатыларын игеруге негіз болатын маңызды оқыту компонентінің бірі болып табылатыны баса атап өтілді.
«Мирас» мектебінің осы семинар-тренингі арқылы мен жалпы оқу дағдылары - мектепті бітіріп, бізге - жоғары оқу орындарына келетін болашақ мамандар үшін іргетас екенін түсініп отырмын. Кей жағдайда университет табалдырығын жоғары білім алуға дайындығы төмен талапкерлер аттайтынын да байқаймыз. Әсіресе өмірлік дағдылар, әлеуметтік, оқу дағдылары әрқашан өз деңгейінде қолданыла бермейді. Мектеп - болашақ мамандардың алдағы оқу тәжірибесінде алатын барлық құзыреттері мен дағдыларының негізі», - деп өз пікірімен бөлісті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Бақыт Арынова.
«Мен семинар-тренинг бағдарламасымен таныстым, әсіресе жоспарлау жөніндегі тармағы нақтылығымен ұнады. Мектепте біз де оқушыларды жалпы оқу дағдыларына үйретумен айналысамыз. Өз білім беру мекемемізде «Мирас» мектебінің тәжірибесін қолдана алатынымызға сенімдімін», - деді Алматы қаласындағы №193 мектептің география пәнінің мұғалімі Айша Өтеева.
Білім беру мекемелері өкілдері семинар-тренинг тәжірибе алмасу үшін тамаша мүмкіндік алаңы болғанын атап өтті.
«Жаңа технологияларды бетпе-бет қарым-қатынас барысында меңгеріп-үйренген дұрыс. Маған әсіресе ұнағаны күту матрицасы - бұл үнемі ойымызда ұстайтын нәрсе. Бірақ әріптестер ұсынған ресімдеу үлгілерін біз бұрын қағазға түсірмеген едік, осы тәжірибе өте ұнады».
Менің ойымша, өзімізде қағаз түрінде болатын бала портфолиосы - ата-аналар үшін электронды түрде қолжетімді болуы өте маңызды деп ойлаймын. Ата-аналар көбінесе бос емес, бірақ бұл оларға баласының жұмысына тез қол жеткізуге, оның немен айналысып жүргенін түсінуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, бұл ата-аналар үшін маңызды ақпарат», - деді Теміртау қаласындағы Тоқтар Әубәкіров атындағы жеке гимназия директорының бірінші орынбасары Светлана Белкина.