ННБҚ мектептеріндегі халықаралық білім беру: IB MYP деген не
Астана мен Алматыдағы «Мирас» мектептері мен Алматы халықаралық мектебінде студенттер International Baccalaureate ұйымынан аккредиттелген білім беру бағдарламалары бойынша оқытылады. Бұл оларға әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігіне айналуға және ерте жастан бастап халықаралық білім беру ортасына оңай енуге мүмкіндік береді. Бүгін біз International Baccalaureate Middle Years Programme - IB MYP бағдарламасының ерекшеліктері туралы баяндаймыз. Ол 11-16 жас аралығындағы балаларға арналған.
Негізгі артықшылықтары қандай
• Түркияда, АҚШ-та, Ұлыбританияда және Австралияда International Baccalaureate ұйымдастырған зерттеулер IB MYP бағдарламасында оқитын студенттердің:
- оқу үлгерімінің жоғары болуын;
- университетте оқу үшін дайындық деңгейінің үздіктігін;
- оқуға қанағаттану деңгейінің жоғарылығы көрсетті.
• Студенттердің сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық қабілеті осы бағдарлама бойынша білім алмаған студенттерге қарағанда жақсы дамыған.
• IB MYP бағдарламасы - икемді, жергілікті контекске бейімделген және интернационалдылыққа бағытталған;
• 10-сыныптың соңында студенттер ресми түрде бүкіл әлемде танылған білім беру құжаты – IB MYP сертификатын иеленеді.
• IB MYP бағдарламасы британдық GCSE білім беру бағдарламасымен салыстырылды. Зерттеушілер оқу бағдарламаларының мазмұны ұқсас, мұнымен қоса MYP оқу бағдарламасы икемді және мейлінше пәнаралық сипатқа ие деген қорытындыға келді.
• IB MYP студенттері қабылдау емтихандарынсыз әлемнің үздік университеттеріне түсуге мүмкіндік беретін IB Diploma Programme дипломдық бағдарламасынан өтуге толық дайындалған.
Бағдарламаның ерекшеліктері неде
IB MYP бағдарламасының міндеті студенттерге өзін-өзі түсіну, өзіндік абырой сезімін және өз қоғамдастығы үшін жауапкершілік сезімін дамытуға көмектесу. Ағылшын тілімен қоса студенттер француз тілі сияқты қосымша тіл үйренеді. Сондай-ақ бағдарламаға дизайн мен өнер де кіреді.
МУР бағдарламасындағы оқу пәндерінің мазмұны жаһандық контекстер деп аталатын арнайы тақырыптар төңірегінде ұйымдастырылған. Олар студенттерге шынайы әлем мен сыныпта оқылатын материал арасында байланыс орнатуға көмектеседі.
Алты жаһандық контекст студенттерді адамзаттың болашағы мен ортақ планетамыз үшін жауапкершілік туралы пайымдауға жетелейді. Олар жергілікті, мемлекеттік және планеталық ауқымдағы мәселелер туралы да, жасөспірімнің алдында тұрған күнделікті мәселелер туралы да ойлануға мәжбүр етеді.
Оқу процесінде студенттер келесі алты жаһандық контексті зерттеуі тиіс: Сәйкестілік пен өзара қарым-қатынас, Кеңістікте және уақытта бағдар жасау, Жеке тұлғалар мен мәдениеттер болмысының өзін-өзі көрсетуі, Ғылыми және техникалық инновациялар, Жаһандану және тұрақты даму, Бейтараптылық және даму.
Оқыту қорытындысы бойынша студенттер дербес жоба – Жаһандық контекстерді түсінуін және олардың тәуелсіз тұлға ретінде дамуын көрсететін өздік жұмыс жасайды.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» мектептеріндегі IB MYP академиялық бағдарламасы білім беру стандарттары мен практикасын ҚР МЖМБС-мен кіріктіреді.
Жеке жоба орындау оқушылардың дамуына қалай көмектеседі
MYP жобалары студенттерді өздерінің оқуы мен жұмысының нәтижелері туралы – оларды әрі қарай оқуда, жұмыста және қоғамда табысқа жетуге дайындайтын түйінді дағдылар жөнінде ойлануға үйретеді.
MYP жобаларының мақсаты студенттерді ынталандыру және келесідей мүмкіндік беру болып табылады:
• өз бетінше зерттеу жүргізу;
• жаңа шығармашылық идеяларға жетелеу;
• өзге студенттермен және басшылармен түрлі жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау:
• жауапкершілігі мен тәртібін көрсету;
• өз уақытын жоспарлау, тәуелсіз шешімдер қабылдау;
• өз өнімін жасап, оны бағалау.
Студенттер қалай бағаланады
МYР бағдарламасы бойынша бағалаудың екі түрі бар, олардың әрқайсысында белгілі бір функцияға ие:
• Аралық бағалау студенттің үлгерім деңгейін және оның оқу тиімділігін мезгіл-мезгіл бағалауға, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудің қай сатысында тұрғанын қадағалауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін мұғалім оқыту әдістемесіне қажетті түзетулер енгізеді, ал оқушылар өздерінің үлгерім деңгейін, соның ішінде бар олқылықтарды білуге мүмкіндік алады. Аралық бағалаудың мақсаты - әр оқушының үлгерім деңгейін анықтау және оның дамуына ықпал ету.
• Қорытынды бағалау жыл бойы, әдетте әр тақырыптың соңында жүргізіледі. Қорытынды бағалаудың мақсаты – мақсатқа сәйкес әр студенттің жетістіктерін көрсету. Бұл бағалау MYP бағдарламасының белгілі бір аспектілері бойынша оқушының қол жеткізген дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. MYP бағалаудың барлық түрлері – аралық және қорытынды бағалау да MYP мұғалімдері тарапынан Халықаралық Бакалавриатта белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырады.