«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

ХАТУ бағдарламалау командасы әлемнің 30 үздігі қатарына кірді

ХАТУ студенттік командасы ICPC World Finals 2022 Dhaka студенттер арасындағы спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалында
ММУ, МФТИ, KAIST, Торонто университеті, Гонконг университеті және әлемнің басқа да үздік университеттері командаларын басып озды.
Жарыс Бангладеш астанасы Даккада 6-11 қараша аралығында болып өтті.

Құрамында Айбар Қуанышбай, Батырхан Алтынбеков және Дінмұхаммед Шорманхан бар ХАТУ командасы 2023 жылғы Египетте өтетін финалға 25-орынды иеленді.

ЖОО құрылғаннан бергі 13 жыл ішінде ХАТУ командалары чемпионат финалына алты рет шығып, Қазақстан университеттері арасында көшбасшыға айналды.
2018 жылы ХАТУ командасы Қазақстан тарихында тұңғыш рет Солтүстік Еуразия финалында алтын медаль иегері атанды.

IMG 7353x   IMG 7354

   

Top