Генерал-майор Сәбит Тауланов «Арыстан» мамандандырылған лицейі түлектері қауымдастығының құрметті мүшесі болып сайланды
«Арыстан» мамандандырылған лицейінде «Арыстан» мамандандырылған лицейі түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің кезекті конференциясы болып өтті.
Кездесуге лицей түлектері – офицерлер мен курсанттар қатысты. Барлығы Қазақстан Республикасында оқитын немесе қызмет атқарып жүрген 300-ден астам түлек, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерде білім алушылар жиналды. Онлайн-кездесуге Үйлестіру кеңесінің мүшелері, педагог-психологтар, бөлімше командирлері, 11-сынып лицейшілері қатысты.
Лицейдің құрылып-қалыптасу ісіне қосқан зор үлесі, көпжылдық басшылығы мен мінсіз беделі және бүкіл қауымдастық мүшелерінің құрметіне ие болғаны үшін генерал-майор Сәбит Тауланов «Арыстан» мамандандырылған лицейінің түлектері қауымдастығының құрметті мүшесі болып сайланды.
Сондай-ақ, кездесуде мерейтойлық 2023 жылы - лицейдің алғашқы түлектерінің кездесуін ұйымдастыру туралы ұсыныс та айтылды. Сонымен қатар, оқыту бағдарламасында қазақ тілі бойынша сағат санын көбейту де ұсынылды. Қазақ тілін білу деңгейін жетілдіру және бекіту мақсатында Қазақстанда әскери тағылымдамадан өту мәселесін шешу ұсынылды.
Запастағы генерал-майор С.С. Тауланов өз сөзінде Конференцияға және барлық түлектерге Түлектер қауымдастығының құрметті мүшесі етіп сайлағаны үшін алғысын білдіріп, өзінің барлық білімі мен білігін сарп еткен, жан-тәнімен беріле қызмет істеген Лицей және «арыстандықтармен» әрқашан да жаны бірге екендігіне сендірді. Ол офицерлер мен курсанттарға, түлектерге қарай отырып мақсат-міндеттерге қол жеткізілгенін түсінетінін және бұдан әрі осы биік деңгейді төмендетпей, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің түлегі деген атақты абыроймен алып жүру қажеттігін қоса айтты.
Лицей бастығы запастағы генерал-лейтенант М. Ж. Майкеев өз сөзінде мейлінше жоғары даярлыққа ие курсанттар мен офицерлер ретіндегі арыстандық-түлек имиджін қолдау мақсатында оқуға және қызметке аса жауапкершілікпен қараудың маңызды екенін атап өтті.