«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

«Мирас» халықаралық мектептерінің тәжірибесі мысалында жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту үдерісі» атты Республикалық семинары

Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебі Сіздерді «Мирас» халықаралық мектептерінің тәжірибесі мысалында жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту үдерісі» Республикалық семинарына қатысуға шақырады.

Семинарға қатысу үшін педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, мектеп педагогтары, ғылыми қызметкерлер, студенттер, білім басқармаларының қызметкерлері шақырылады.

Семинар мақсаты: оқушыларда 5 түрлі дағдылар  тобын: зерттеу, ойлау, коммуникативтік, әлеуметтік, өзін-өзі ұйымдастыру  дағдыларын   қалыптастыру және дамыту бойынша мектеп жұмысының жүйесін кешенді ұсыну.

 

Семинардың теориялық бөлімі. Мектепте жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыру үдерісін ұйымдастыру:

  1. Мектеп құжаттарындағы жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыру және дамыту үдерісін жоспарлау деңгейлері.
  2. Мектеп пәндері жүйесі арқылы жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыру және дамыту үдерісін басқару.
  3. Жалпы білім беру дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалау.
  4. Жалпы білім беру дағдыларының қалыптасу нәтижелерін талдау.


Семинардың практикалық бөлігі. Топтарда жұмыс істеу:

  • Science тобының пәндері (бастауыш мектептегі физика, химия, биология, география)
  • Гуманитарлық ғылымдар (тарих, қоғамтану, құқық, негізгі және жоғары мектептегі география, бизнес және экономика)
  • Ана тілдері (қазақ, орыс)
  • Шет тілдері (қазақ, ағылшын)
  • Математика және ICT
  • ART тобының пәндері (бейнелеу өнері, музыка, драма)
  • Бастауыш мектеп (ғылыми-жаратылыстану циклі пәндері)
  • Бастауыш мектеп (қоғамдық-гуманитарлық циклі пәндері)
  • «Мирас» мектебінде білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

 

Семинарға қатысу тегін.

Семинарға қатысу үшін тіркелу

Семинар бағдарламасына сілтеме

 

Top