«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

«Арыстан» мамандандырылған лицейінің бастығы болып Майкеев Мұрат Жәлелұлы тағайындалды

Майкеев Мұрат Жәлелұлы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны, Беларусь Республикасы Әскери академиясының Бас штабы факультетін бітірген,

Мемлекеттік наградаларға ие: III дәрежелі «Отанға қызмет еткені үшін» ордені, II дәрежелі «Айбын» ордені, II дәрежелі «Даңқ» ордені, I дәрежелі «Даңқ» ордені. Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы қызметін атқарған.

Мұрат Жалелұлы 10 жылдан астам қызмет атқарған Сәбит Сауменұлы Таулановтың орнына келді. Лицейді басқару кезеңінде ол оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда, сондай-ақ мамандандырылған оқу орындары үшін бастапқы әскери даярлықтың заманауи инновациялық бағдарламасын әзірлеу мен сынақтан өткізуде эксперимент жүргізуде айтарлықтай үлес қосты және жетістіктерге жетті.

      

Top