«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Алматы энергетика және байланыс университетінде киберспорт бойынша зертхана ашылды

5 қазанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің қабырғасында «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының ұйымдастыруымен киберспорт бойынша зертхананың салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Ұлттық студенттік киберспорт жөніндегі қауымдастықтың, Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығының өкілдері, университет басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Киберспорт зертханасының залы АЭжБУ білім алушыларына биік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ осы саладағы турнирлерді ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін болады.

1    

Top