«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ»
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Educational Foundation - Bridge to the Future!

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаев Astana IT University студенттері мен оқытушыларымен кездесті

                                     gn3a0633.jpg

Қыркүйек айының 9-шы жұлдызы сағат 15.00-де ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаевтың Astana IT University студенттері мен оқытушыларымен кездесуі өтті.

Кездесуде басқа да шақырылған қонақтар сөз сөйледі, олардың қатарында ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі А. Қ. Жұмағалиев, ҚР Білім және ғылым министрі А. Қ. Аймағамбетов, Нұр-сұлтан қ. әкімі  А.С. Көлгінов және «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» ҚҚ директоры Д.Н. Құлыбаева.

Astana IT University құрылтайшысы "Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры" ҚҚ болып табылады.

Биылғы жылы университет Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, Ақпараттық қауіпсіздік, Телекоммуникациялар, Бизнес және менеджмент сияқты бағыттар бойынша 614 студентті қабылдады. Бұл Қазақстанның барлық аймақтарындағы, соның ішінде физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептердің түлектері. Қатысушылардың ішінде жас робототехника ғалымы және Қазақстанның 100 жаңа тұлғаларының тізіміне кірген, Иван Крепак сияқты жас жұлдыздар бар.

Студенттерге шетелдік және қазақстандық жетекші профессорлар, зерттеушілер мен практиктер дәріс береді.

Университетте студенттер мен оқытушылардың шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыру үшін, әлемдік IT-компаниялардың дәстүріне сәйкестендірілген және эргономикалық жиһаздармен жабдықталған, арнайы аймақтар ұйымдастырылған.

Start-Up жобаларын ұйымдасып жүзеге асыруға арналған коворкинг орталығы, студенттерге арналған интерактивті Open Space алаңы, CISCO оқу зертханалары, Кибер лабораториялар және IPMA Халықаралық Сертификаттау орталығы сияқты кеңістіктер қонақтардың қызуғышылығын тудырды.

Университеттің серіктестері қатарына AIFC, Astana HUB және SAP University Alliances кіреді. Huawei, ASBIS (APPLE ресми дистрибьюторы), CISCO, кибер лабораториялар, IPMA - жобаларды басқаруға арналған 1С, HP, KPMG, Kolesa GROUP, ChocoFamily, Qaztech Ventures және Qazaq Cybersport Федерациясымен меморандумға қол қою процессі аяқталуда.

Университет елімізідің ең ірі инновациялық кластерлердің бірі және елдің IT индустриясының орталық орны болып табылатын, ЭКСПО іскери орталығының аумағында орналасқан.

857bca2c-cf17-4761-9bb6-1267ba5e015d.jpg d5e0f5d6-89d2-4365-a0e6-94a4ec36ac33.jpg 710741c9-b736-49fe-befc-9708551e0ebb.jpg

ab9169bc-79a7-4c3d-b613-250c0d39a359.jpg 50991218-090c-41b0-8d72-9a2fe7fc71d3.jpg lrm_export_20190909_153206.jpg

Top