«Арыстанда» БҰҰ-ның Шағын моделінің конференциясы өтті
«Арыстан» мамандандырылған лицейінде БҰҰ-ның Шағын моделінің конференциясы өтті. Лицеистер пікірсайыста өз шеберліктерін көрсетті. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үш комитетте жүрді.
Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссия қазақ тілінде жұмыс істеді, комиссияның назарында «Заңнаманы ырықтандыру: өлім жазасын жою» тақырыбы болды. Орыс тілінде өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында жаһандық терроризм тақырыбы көтерілді. Бас Ассамблеяның әлеуметтік, гуманитарлық және мәдени мәселелер жөніндегі комитеті ағылшын тілінде «Children in the military» тақырыбын талқылады.
Комитеттер жұмысының қорытындысы бойынша 3 қарар − белгіленген тақырыптар шеңберінде қазіргі өркениеттің өмірі мен дамуының маңызды мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылданды.
БҰҰ-ның Шағын моделі - бұл ғылыми конференция мен рөлдік ойын синтезі, оның барысында оқушылар БҰҰ жұмысын жаңғыртады.