«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

“STEM - БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР” STEM БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМҒА БАСПАСӨЗ ШЫҒАРЫЛЫМ

2020 жылдың 28-ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының «Мирас» Халықаралық мектебінде STEM республикалық форумы өткізілді.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы STEM технологиясын қолданатын білім беру бағдарламалары мен STEM орталықтары оқытудың перспективті нысандарына айналуда. Мұндай бағдарламалар Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының халықаралық мектептерінде белсенді түрде жүзеге асырылуда.

STEM - бұл нақты өмір жағдайында академиялық ғылыми және техникалық тұжырымдамалар оқытылатын кешенді тәсіл.

STEM пәндері балаларды сыни ойлау дағдылары арқылы, өмірде және жұмыста кездесетін қиындықтарды жеңуге үйретеді. Жобалаудағы алғашқы қадам - ​​тапсырманы қою. Түпкілікті нәтиже қойылған мақсатқа жету үшін мұқият зерделеу және бар білімді пайдаланып оларды біріктіру және тиімді шешімдер алу қажет. Осылайша, инженерлік зерттеу, прототипті жасау немесе жетілдіру процесінде студент өзінің білімін бірнеше пәндер бойынша қолдануға мәжбүр болады, бұл оның табиғи-ғылыми бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. STEM технологиясы мектептің пәндер бойынша білім беру техникасын сәтті толықтырады, оқушыларды пәннің мәні мен оның практикалық салада қолданылуын түсінуге итермелейді.  

Форумды өткізудің мақсаты - STEM білімін республиканың жалпы және арнайы мектептері арасында кеңінен насихаттау.

Республикалық форумға 100-ден астам оқытушылар мен студенттер қатысты.

STEM форумы аясында STEM технологияларын енгізу бойынша мастер-кластар өткізілді:  Astana IT университеті,“Nazarbayev University” студенттері, IT Mart, ТОО “Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясы” , “Crimzon”, “STEM Academia”,“Microsoft Kazakhstan”.

Мектеп оқушылары форумның аясында өткізілген  көрмеде 27 STEM жобаларын ұсынды. STEM форумына қатысу арқылы оқышылар жобада жұмыс жасау дағдыларын, академиялық білімге негізделген практикалық шешім құру, нәтижені жобалау және ұсыну қабілеттерін қалыптастырады. Балалар ғылыми зерттеулерге қатысу арқылы жаңа білім мен машықтарға ие болады, бұл ғылыми жұмыс дағдыларын практикада игеруге мүмкіндік береді және алдағы уақытта жоғарғы оқуда пайдалы болады.

Форумның пленарлық бөлімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Бигари, «Нұр-Сұлтан» білім бөлімінің бастығы Шолпан Қадырова, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Қалдыбаев сөз сөйледі.

STEM форумы - қарым-қатынасты жақсарту мен қызықты идеялармен алмасу үшін тамаша мүмкіндік. Форумға қатысушылары мен қонақтары оқышылар дайындаған  жобаларының жоғары деңгейін атап өтті.

st1

st2

st3

st4

st5

STEM 2020 112

st6

st7

st8

st9

st10

Top