Общественный Фонд «NNEF»

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Алматыды «Miras» бөбекжай-бақшасына жаңа директор тағайындалды

Алматы қаласындағы «Мирас» бөбекжай-бақшасына жаңа директор тағайындалғаны туралы қуана хабарлаймыз. Бүгіннен бастап өз міндетін атқаруға білім беру саласы бойынша басқару ісінде 25 жылдан аса еңбек өтіліне ие тәжірибелі педагог - Файзуллина Баян Викторовна кіріседі.

Баян Викторовна Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін “Химия-биология” мамандығы бойынша бітірген. Өзінің кәсіби қызмет атқарған жылдары ол алуан түрлі білім беру ұйымдарында басшылық қызметтер жасады - мектептің, балабақшаның директоры болып жұмыс істеді, сондай-ақ Ұлттық “Бөбек” орталығының бас директорының орынбасары және бас директоры лауазымдарын атқарды. Оның жұмысының басты бағыттарының арасында - білім беру процесін тиімді ұйымдастыру, педагогтарға арналған кәсіби даму бағдарламаларын енгізу, әдістемелік құралдар әзірлеу, оқулықтар дайындауға қатысу бар. Мұнымен қоса, Баян Викторовна білім беру мекемелеріне арналған республикалық семинарларды ұдайы ұйымдастырып отырды. Білім беруді дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін ол «Білім беру жүйесінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.

«Мирас» бөбекжай-бақшасының ұжымы жаңа басшыны жылы қабылдап, кәсіби жолының жаңа сатысында табыс тіледі. 

Оның басшылығы аясында мекемеміз тұрақты дамуын жалғастырып,мектепке дейінгі білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп сенеміз.

Top