Қор жобалар Қор жобалар

Халықаралық Бизнес университеті (UIB) 1992 жылы құрылған, бакалавриат, магистратура, докторантура (PhD), сондай-ақ MBA и DBA бизнес-білім бағыттары бойынша экономикалық, техникалық және гуманитарлық салалардың мамандарын дайындайды.

Халықаралық Бизнес университеті (UIB)

Халықаралық Бизнес университеті (UIB) 1992 жылы құрылған, бакалавриат, магистратура, докторантура (PhD), сондай-ақ MBA и DBA бизнес-білім бағыттары бойынша экономикалық, техникалық және гуманитарлық салалардың мамандарын дайындайды.

UIB заманауи мамандардың дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған жоғары ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарды ұстана отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарының сапасы мен әлемдік стандарттар деңгейінің барлық талаптарына сай келетін бәсекеге қабілетті жоғары оқу орны болып табылады.

Халықаралық Бизнес университеті (UIB) ҚР Білім және ғылым министрлігінің аттестациясынан және ғылыми ұйым ретінде ғылыми және ғылыми-техникалық әрекетке қатысу үшін аккредитациядан өтті. UIB қазақстандық Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктен, «Финанс және Экономика» білім беру бағдарламалары бойынша Австриялық сапа жөніндегі агенттіктен (AustrianQualityAgency-AQA) аккредитацияланған. Қазақстандық Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің «2012 жылғы жоғары оқу орындарының Бас рейтингісіне» сәйкес ҚР-дағы гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының арасында Халықаралық Бизнес университеті 5-ші орында.

ҚР БҒМ Ұлттық аккредитациялық орталықтың деректеріне қарағанда Халықаралық Бизнес университеті «Экономика, Есеп және аудит, Баға» мамандығы бойынша Қазақстанның 75 жоғары оқу орны арасында 3-ші орында. Сонымен бірге жыл сайын өтетін республикалық «Сенiм-2011» конкурсының қорытындысы бойынша Халықаралық Бизнес университеті «250-ден астам қызметкері бар екі астанадағы ең үздік компания» номинациясында құрметті 1-ші орынды жеңіп алды.
UIB әлеуметтік көмек ретінде жыл сайын өз студенттеріне гранттар мен жеңілдіктер, стипендиялар бөліп отырады.

UIB студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігіне, сондай-ақ қосдипломдық білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне байланысты серіктес жоғары оқу орындарымен меморандум жасады. Университет серіктестері арасында: Ақпараттық жүйе және менеджмент институты (ISMA) (Латвия, Рига), Ян Амос Коменский университеті (UJAK) (Чехия Республикасы, Прага), Шығыс-Қытай Политология және құқық университеті (ECUPL) (ҚХР, Шанхай), Москва халықаралық жоғары бизнес мектебі (МХЖБМ) (РФ, Москва) бар.

UIB түлектері – кәсіптік деңгейі жоғары, терең білімді, инновациялық тәсілдерді,зерттеу дағдыларын меңгерген, бизнес жүргізуге қабілетті және экономиканың түрлі салаларында көшбасшы бола алатын мамандар. Жыл сайын UIB түлектерінің 95-98% жұмысқа орналасады.