Қор жобалар Қор жобалар

Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі 1999 жылдың 2 қыркүйегі күні ашылды. Мектептің білім беру моделі ҚР ұлттық білім беру стандарттары мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын кіріктіруге негізделген.

Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі

Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі 1999 жылдың 2 қыркүйегі күні ашылды.

Мектеп оқытудың бастауыш (РУР), негізгі (МУР) және жоғарғы (DP) деңгейлерінің бағдарламалары бойынша Халықаралық Бакалавриат Ұйымының авторизациясынан, халықаралық білім беру ұйымдарының: Жаңа Англия Мектептері мен Колледждері Ассоциациясының (NEASС – New England Association of Schools and Colleges), Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS – Council of International Schools) аккредитациясынан өткен. Мектеп оқыту және IGCSE (International General Certificate of Secondary Education – орта білім туралы халықаралық сертификат) емтиханына дайындау құқығына ие болу үшін Кембридж университетінің аккредитациясынан өтті, ЮНЕСКО-ның Ассоциациялық мектебі болып табылады.

Мектептің білім беру моделі ҚР ұлттық білім беру стандарттары мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын кіріктіруге негізделген, бұл оқу процесін баланы дамытуға, оқушының жалпы оқу біліктіліктері мен дағдыларын ғана емес, оның құндылық-тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағыттай отырып ұйымдастыруға жағдай туғызатын оқу және тәрбие әдістері мен құралдарын таңдау мүмкіндігін береді. Мектеп бағдарламасы осызамандық білім беру тұжырымдамасының негізгі үш қағидасын: біртұтас оқыту, коммуникативтік құзыреттілік пен мәдениетаралық хабардарлылығын қалыптастыру ұстанымдарын басшылыққа алады. Бағдарламаның ерекшелігі студенттердің зерттеу және пәнаралық жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады.

Мектеп өзі қызмет еткен жылдар ішінде халықаралық мектептің білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және дамытудағы инновациялық тәсілдерді өмірге әкелетін және сыннан өткізетін, кіріктірілген оқу жоспарларында, стандарттарында, бағдарламаларында, тәрбие жұмысының тұжырымдамасында көрініс табатын нағыз шығармашылық зертханасына айналды. Мектеп базасында республика және қала мұғалімдері үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар, сондай-ақ ашық есік күндері, мамандық жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Бірыңғай Ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша мектеп Астана қаласы бойынша жыл сайын үздіктер қатарына кіреді, 12 түлегі «Алтын белгiмен» марапатталды. Мектеп түлектерінің білімі туралы қазақстандық құжаттармен қатар, халықаралық MYP сертификатын, IB дипломын, IGCSE сертификатын алуға мүмкіндігі бар. Мектептің 10 оқушысы Халықаралық Мектептер Кеңесінің «Интернационалдық түсіністігі үшін» марапатын иеленді.

Мектеп түлектері Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, БАӘ, АҚШ, Қытай, Чехия Республикасы елдеріндегі жоғары оқу орындарында ойдағыдай білім алуда.