Қор жобалар Қор жобалар

Отандық және халықаралық білім беру тәжірибелерін кіріктіретін инновациялық білім беру моделін құру мақсатында Алматы қаласында 1999 жылдың 6 қыркүйегінде «Мирас» халықаралық мектебі ашылды.

Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі

Отандық және халықаралық білім беру тәжірибелерін кіріктіретін инновациялық білім беру моделін құру мақсатында Алматы қаласында 1999 жылдың 6 қыркүйегінде «Мирас» халықаралық мектебі ашылды.

Мектеп Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламалары:  бастауыш (PYP), негізгі (MYP) және жоғарғы (DP)  мектеп бағдарламалары бойынша авторизациядан өтті. 2002 жылы Алматы қаласындағы «Мирас» мектебі негізгі мектепті бітіргені туралы Халықаралық Сертификатқа IGCSE (Британ стандарты) емтихандарын қабылдау бойынша Халықаралық емтихан орталығы ретінде Кембридж университетінің аккредитациясын алды. 2005 жылы мектеп Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS – Council of International Schools) және Жаңа Англия Мектептері мен Колледждері Ассоциациясының (NEASС – New England Association of Schools and Colleges) аккредитациясынан өтті.

Алматы қаласындағы «Мирас» мектебінде ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және халықаралық білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере отырып, өздері дайындаған мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары жүзеге асырылады. Кіріктірілген оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетте тіркелген.

Көптілді және көп ұлтты орта оқушылардың мәдениетаралық ойлауын қалыптастыруға көмектеседі, әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелейді.

Мектептің педагогикалық ұжымы шетелдік оқытушылардан ғана емес, жоғары білікті қазақстандық педагогтардан да құралған, олардың көпшілігі халықаралық емтихан қабылдаушы, модератор, IB жаттықтырушысы, халықаралық аккредитациялық және авторизациялық комитеттердің мүшелері болып табылады.

Мектеп оқушылары жылдам өзгеріп жатқан әлем жағдайында оларды өмірге дайындайтын әлеуметтік, интеллектуалдық, физикалық және адамгершілік сапаларды дамытатын біртұтас білім алады.

Алматы қаласындағы «Мирас» мектебінің түлектері (олардың 71-і Дипломдық Бағдарламаны аяқтады) әлемнің және Қазақстанның жетекші университеттерін бітірген немесе оқуын жалғастыруда.