Қор жобалар Қор жобалар

Алматы қаласындағы Халықаралық мектеп Қазақстанда бірінші болып негізгі мектеп бағдарламалары (IB MYP) бойынша Халықаралық Бакалавриат Ұйымының авторизациясынан өтті. 2012 жылы бастауыш мектеп бағдарламалары (IB PYP) бойынша авторизацияланды.

Алматы халықаралық мектебі

Алматы қаласындағы Халықаралық мектеп Қазақстанда бірінші болып негізгі мектеп бағдарламалары (IB MYP) бойынша Халықаралық Бакалавриат Ұйымының авторизациясынан өтті. 2012 жылы бастауыш мектеп бағдарламалары (IB PYP) бойынша авторизацияланды.

Мектеп тұлғаның өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі көрсете алуына жағдайлар жасап отырады. АХМ-нің білім беру бағдарламаларының ерекшелігі ҚР мемлекеттік білім беру стандартының және халықаралық деңгейде сапалы білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқытудың холистикалық тәсіліне, пәнаралық интеграцияға, оқытудың жаңа тәсілдеріне негізделген халықаралық бағдарламалардың талаптарын үйлестіру болып табылады.

Студенттер АХМ-де оқи жүріп, қарым-қатынас өзара құрметке, әр түрлі мәдениетке түсіністікпен қарауға және қоғам үшін пайдалы болуға ұмтылуға негізделе құрылатын халықаралық қауымдастықтың бір бөлігіне айналады. АХМ-нің негізгі деңгейінің түлектері МУР сертификатына халықаралық модерация нәтижесі бойынша жыл сайын жоғары бағаларға қол жеткізеді.

АХМ сапалы білім беруімен, жоғары білікті педагогикалық ұжымымен, ата-аналар, студенттер және мұғалімдердің сындарлы ынтымақтастығымен, сондай-ақ әлемнің басқа да мектептерімен достық қарым-қатынасымен ерекшеленеді.

Мектеп түлектері Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында және ең таңдаулы шетел университеттерінде оқуларын жалғастырады.