Қор жобалар Қор жобалар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – Қазақстандағы алғашқы IT университет – 2009 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ашылған.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ)

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – Қазақстандағы алғашқы IT университет – 2009 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ашылған.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті СarnegieMellon (АҚШ) университетінің құрылымдық бөлімшесі – iCarnegie тығыз ынтымақтастықта құрылған. iCarnegie бизнес мектебімен екі жылдық серіктестіктің табысты нәтижесі университет студенттерінің бірінші сертификациясы болды. ХАТУ серіктестері – Малайзияның жетекші University Kuala Lumpur, Limkokwing University, University Tenaga Nasional университеттері.

Университет студенттері олимпиадаларға, жарыстарға, инновациялық көрмелерге белсенді қатысып, жүлделі орындардан көрініп отырады.  2013 жылы ХАТУ командасы спорттық программалау бойынша Санкт-Петербургте өткен Халықаралық олимпиаданың финалына шықты,  Орталық Азия елдері арасында жартылай финалда 1-ші орын алды. Робототехника зертханасының студенттері Гонконгта ABUROBOCON,  Robocon 2012-ге қатысты. 4 курс студенттері Hackathon 2012-нің жеңіскерлері болып табылады.

IT университетінің 12 студенттік жобасы Астанада «Инновациялық Қазақстан – 20 жыл тәуелсіздіктен кейін болашаққа көзқарас» инновациялық форумында көпшіліктің назарына ұсынылды. IT университет ҚР-да Халықаралық «IT Планета» олимпиадасының абсолюттік чемпионы ретінде танылды. «PassENT» жобасы DigitalCommunicationsKazakhstan ғылыми- инновациялық конкурсында 500 мың теңге жеңіп алды. Халықаралық IT университетінің 1 курс студенттері 2012 жылы Алматыда III Инновациялық Конвент аясында өткен Инновациялық форумда «EasyParking» жобасын қаржыландыруға 1 миллион теңге қаржы жеңіп алды. Халықаралық IT университеті студенттерінің «Антисон» жобасы ҰТДА АҚ-ның технологиялық бизнес-инкубациялауды гранттық қаржыландыру бойынша
3 миллион теңге қаржы жеңіп алды.

Жыл сайын ХАТУ-да қазақстандық оқушылар мен студенттер арасында математика, информатика және спорттық программалау бойынша қашықтықтан олимпиадалар өткізіледі. Олимпиада жеңіскерлері бағалы сыйлық – Халықаралық IT университетінде оқуға гранттар алады.

Халықаралық IT университеті салалық технологиялардан ғана емес, озық менеджменттен, экономикадан білімі бар, коммуникативті дағдылармен және ағылшын тілінен терең біліммен қаруланған жаңа буын мамандарын дайындайды.